Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңбыр, қар және жел күшейеді: 2 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, қар және жел күшейеді: 2 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com
Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады - жауын-шашын (жаңбыр мен қар), еліміздің солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 6-8 градус жылы.
Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, кейін батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 15-17 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - күннің екінші жартысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 3 градус суық - 2 градус жылы, күндіз 2-7 градус жылы.
Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 19-21 градус жылы.

Ақмола облысы- облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың батысында 3 градус суық, күндіз 3-8 градус жылы. Көкшетау - көшпелі бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел оңтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 3-5 градус жылы.
Алматы облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел шығыстан соғады, кейін батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус үсік, облыстың оңтүстігінде, шығысында 1-6 жылы, облыстың таулы аудандарында 3 градус суық - 2 градус жылы, күндіз 12-17, облыстың таулы аудандарында 2-7 градус жылы. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, кейін батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 15-17 градус жылы. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус суық - 2 градус жылы, күндіз 2-7 градус жылы.
Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8 градус үсік, облыстың оңтүстігінде 2 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 11 градус суық, күндіз 13-18, облыстың таулы аудандарында 9 градус жылы. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 6-8 градус үсік, күндіз 15-17 градус жылы.
Түркістан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 3-8 жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус суық, күндіз 17-22, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 13 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 19-21 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 1-6 жылы, облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус суық, күндіз 12-17 градус жылы. Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 13-15 градус жылы.

Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың шығысында 3 градус суық, күндіз 14-19 градус жылы.Атырау - аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 1-6 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 16-18 градус жылы.
Маңғыстау облысы - жауын-шашынсыз. Жел шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 7-12 жылы, облыстың солтүстік-шығысында 2 градус суық - 3 градус жылы, күндіз 17-22, облыстың солтүстік-батысында 12 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 19-21 градус жылы.
Ақтөбе облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-7 градус суық, облыстың оңтүстік-батысында 2 градус жылы, күндіз 11-16 градус жылы. Ақтөбе - аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус суық, күндіз 11-13 градус жылы.
Қостанай облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус суық, облыстың оңтүстігінде 1 градус жылы, күндіз 6-11 градус жылы. Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус суық, күндіз 7-9 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус суық, облыстың шығысында, оңтүстігінде 2 градус жылы, күндіз 3-8 градус жылы. Петропавл - бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус суық, күндіз 5-7 градус жылы.

Павлодар облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундсына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың шығысында 3 градус үсік, күндіз 3-8 жылы. Павлодар - ауыспалы бұлттылық, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жел солтүстік-батыстан 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 5-7 жылы.

Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік бағытқа ауысады, жылдамдығы 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 1-6 үсік, облыстың оңтүстігінде 3 жылы, күндіз 7-12 жылы. Қарағанды - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік бағытқа ауысады, жылдамдығы 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 1-3 үсік, күндіз 7-9 жылы.
Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-батыс бағытқа ауысады, жылдамдығы 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 2-7 үсік, облыстың батысында 1 жылы, күндіз 9-14 жылы. Жезқазған - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-батыс бағытқа ауысады, жылдамдығы 3-8 метр секунд. Ауа температурасы түнде 2-4 үсік, күндіз 11-13 жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 6 градус үсік, күндіз 5-10 жылы, облыстың шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік. Өскемен - бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 метр секунд. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 7-9 жылы.
Абай облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 1-6 үсік, облыстың оңтүстігінде 2 жылы, күндіз 5-10 жылы. Семей - ауыспалы бұлттылық, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 метр секунд. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 8-10 жылы.
Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 1-6 градус үсік, облыстың оңтүстігінде 2 жылы, күндіз 14-19, облыстың оңтүстігінде 22 жылы. Қызылорда - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 1-3 градус үсік, күндіз 15-17 жылы.
Жамбыл облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 метр секунд. Ауа температурасы түнде 1-6 жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 4 градус үсік, күндіз 17-22, облыстың таулы аудандарында 13 жылы. Тараз - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 19-21 жылы.
02 қараша 2026 ж. 54 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30