Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дала еңбеккерлері құрметке бөленді

Дала еңбеккерлері құрметке бөленді

Қазалы ауданында егін жинау науқаны аяқталды. Осы ретте Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде ел ырысын еселеген дала еңбеккерлерін марапаттауға арналған «Алтын күз – 2026» салтанатты шара өтті. Қасиетті қазаны ортаймаған Қазалының қамбасын молайтып, береке мен бірліктің үлгісін көрсеткен диқаншылар қауымы құрмет төрінен көрінді. Атаулы жиында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудан жұртшылығы мен ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлерін мерекемен құттықтады.
Биыл аудан диқандары 12 мың 475 гектар жерге егін егіп, оның ішінде 2247 гектарға күріш дақылы орналастырылды. Әр гектардан 40 центнерден өнім алынып, 9788 тоннаға жуық астық жиналды. Жыл басынан бері ауданнан балық, күріш және қамыс сынды ауыл шаруашылығы өнімдерінен барлығы 2445 тонна өнім экспортқа шығарылды. Өңірде мал шаруашылығы саласы бойынша да төрт түліктің саны жыл сайын артып келеді.
Салтанатты шара барысында агро­өнеркәсіп кешенінің дамуына үлес қосып жүрген еңбек озаттары марапат төрінен көрінді. Мәселен, «Құрманғали» шар­уа қожалығының жетекшісі Бағдагүл Мұратқызына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің «Алғыс хаты» табыс­талса, бірнеше шаруа қожалық жетекшісіне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамотасы» берілді. Сонымен бірге сала озаттары облыс және аудан әкімдерінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Дәстүр бойынша үздік жетістіктерге жеткен азаматтарға «Озат бақташы», «Озат шопан», «Озат түйекеш», «Озат жоңышқа өсіруші», «Озат көкөніс өсіруші», «Озат агроном», «Озат картоп өсіруші», «Озат бақша өсіруші», «Озат гидротехник», «Озат жатка машинисі», «Озат комбайншы», «Озат бригадир», «Озат егін шаруашылығы», «Озат телеарна тілшісі» және «Озат газет тілшісі» сынды номинациялар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Биыл егілген 1307 гектар күріштің әр гектарынан 40 центнерден өнім жинап, қоймаға 5228 тонна астық құйған «Береке» шаруа қожалығына «Үздік шаруашылық» номинациясымен ІІ дәрежелі диплом берілді. Ал 220 гектар күріштің әр гектарынан 47 центнерден өнім алып, қамбаға 1034 тонна сыр салысын құйған «Жанкент Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Үздік шаруашылық» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Мерекелік шара соңы дала еңбеккерлеріне көрсетілген құрметтің белгісі ретінде аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
03 қараша 2026 ж. 25 0

Жеңістерге толы жол

03 қараша 2026 ж. 39

Қауып алатын қауіп

03 қараша 2026 ж. 25

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30