Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері 130 мың адамға көбейді: Қазақстан халқы қаншалық жылдам өсіп жатыр?

Жыл басынан бері 130 мың адамға көбейді: Қазақстан халқы қаншалық жылдам өсіп жатыр?

Сурет:depositphotos.com
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы дерек жариялады. Жаңартылған мәліметке сәйкес ел халқының саны 20 633 529 адамға жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
1 қыркүйекпен салыстырғанда Қазақстан халқы 14 733 адамға көбейді.
Қай қалалар мен өңірлерде халық көп тұрады?
Алматы халық ең тығыз қоныстанған өңір болып қала береді. 1 қазандағы жағдай бойынша қалада 2 392 105 адам тұрады. Екінші орында 2 141 409 тұрғыны бар Түркістан облысы тұр.
Сондай-ақ, мына өңірлер мен қалаларда тұрғындар саны миллионнан асады:
Астана - 1 707 150 адам;
Алматы облысы - 1 618 422 адам;
Шымкент - 1 320 743 адам;
Жамбыл облысы - 1 209 574 адам;
Қарағанды облысы - 1 130 336 адам.
Ең аз тұрғын Ұлытау облысында тіркелген: 217 046 адам. Солтүстік Қазақстан облысында 510 181 адам, Абай облысында 590 160 адам тұрады.

2026 жылғы 1 қазандағы Қазақстан халқының саны / Ұлттық статистика бюросының дерегі
Халық саны қай жерде өсіп, қай жерде азайып жатыр?
Жыл басынан бері халық саны 20 өңір мен республикалық маңызы бар қаланың тек 8-інде өсті: Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында. Қалған 12 өңірде халық саны азайған.
Астана қаласында халық саны бәрінен жылдам өсті: жыл басынан бері елордада тұрғындар саны 67 974 адамға көбейді.
Жыл басынан бері Қазақстан халқының жалпы өсімі - 133 707 адам. Оның ішінде 128 303-і табиғи өсім есебінен болса, тағы 5 404 адам көші-қонның оң сальдосы есебінен қосылды.
Қала халқы саны 169 048 адамға артып, 13 254 158-ге жетті. Ауылдық жерлерде керісінше тұрғындар саны 35 341 адамға азайды. 1 қазандағы жағдай бойынша ауылдарда 7 379 371 адам тұрады.
1 қыркүйектегі жағдаймен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
02 қараша 2026 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30