Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін мексикалық «Ковбоймен» өткізеді

Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін мексикалық «Ковбоймен» өткізеді

Жастар арасындағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы және бірінші жартылай салмақта Азияның WBC чемпионы, 21 жастағы Садриддин Ахмедов «Ковбой» лақап атты 31 жастағы мексикалық Джонни Наварретемен (33-15-2, 15КО) кездеседі.

«Наваррете айқастарының көбін өз отанында өткізген. Ол кездескен қарсыластардың ішінде бірінші орта салмақтағы WBO әлем чемпионы Хайме Мунгие (34-0, 27КО) мен Сауль Альварестің бауыры Рамон Альваресті (28-8-3, 16КО) атап өтуге болады. Мексикалық аталған қарсыластарымен екі рет кездесіп, көбінде жеңілген. Бір рет Рамон Альвареспен тең түскен», - делінген хабарламада.

Садриддин Ахмедовтың алдағы айқасы 10 раундқа есептелген. Еске сала кетсек, осы жылдың маусымында Садриддин Ахмедов кәсіби мансабында тоғызыншы жекпе-жегін өткізіп, мексикалық Даниэль Вега Котаны (14-3-1, 11 КО) техникалық нокаутпен 90 секундта жеңген болатын.
07 қазан 2019 ж. 720 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930