Теңбіл доп тартысы тәмамдалды
Соңғы жылдары ауданда әуесқой футболшылар саны өсіп келеді. Салауатты өмір салтын ұстану жайындағы аудан әкімінің бастамасынан кейін мезгіл сайын спорттық турнирлер жалауын желбіретіп жүр. Содан да болар қазіргі таңда әуелгі әуесқой футболшылар кәсіби спортшылардан кем түспейтін ойын өрнегін көрсетуде. Олар жаз бойы жасыл алаңда кубок үшін тер төксе, одан кейінгі үш айға созылған кіші футболдан V аудан чемпионатында бақтарын сынады. Ал дүйсенбі күні сайыстың жабылу салтанаты ұйымдастырылып, көзге түскен үздік ойыншылар абырой биігінен көрінді.
Жан алысып, жан беріскен додада топ жарып, басым ұпаймен жеңіске жеткен командалар мен үздіктерді аудандық футбол федерациясының президенті Фердоуси Қожабергенов пен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлыбек Есбосынов марапаттады. Айқын басымдылықпен турнир тізімінде бірінші тұрған “Қыран” командасы тоқсан күндік тартыстың жеңімпазы атанды. Екінші орынды атымен заты сабақтасқан “Намыс” командасының ойыншылары еншілесе, “Көркем Сервистің” жігіттері үздік үштікті қорытындылады.
Сонымен қатар сайыста жеке-дара қабілетімен көзге түскен позиция мықтылары марапатсыз қалмады. Қарсыластың жойқын соққысына талай мәрте тойтарыс беріп, ширақтығымен есте қалған “Ақтілектің” ойыншысы Қанат Өзбекбаев “Үздік қақпашы” атанды. Үздіктер қатарынан көрінгендер тізімінде “Көркем Сервис” командасының қорғаушысы Бахи Батыр, “Үздік ойыншы” “Арзан” сапында ойнайтын Бақытбек Төлегенов, “Көркем Сервис” шабуылшысы Жанболат Сахиев, жас ойыншы ретінде танылған «Авангардтан» Ернұр Қуанбай да бар. Ал әсем голдарымен жанкүйерлердің делебесін қоздырған “Намыс” ойыншысы Баубек Қожамұрат сұрмергендердің үздігі атанды.
Бұдан бөлек турнир төңірегінде еңбегі еленген Нұрлан Төрежан “Үздік төреші”, Мұқағали Сансызбаев “Үздік ақпараттандырушы”, Нұрхан Бердімұратов “Үздік жаттықтырушы”, “Қыран” командасының қаржылай қолдаушысы Жәнібек Қабақбаев “Үздік демеуші” бағамын еншіледі.
Турнирдің салтанатты кешінде бірнеше жылдан бері аяқдоптан тұрақты турнир өткізуді үйлестіріп жүрген аудандық футбол федерациясы мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі қайырымдылық жасап, Әйтеке би кентінің тұрғынына қаржылай көмек көрсетті.
Осы күні аталған сайыспен қатар өткен 2006-2007 жылғы туылған жасөспірімдер арасындағы ашық турнирдің де қорытындысы жарияланды. Бұл тартыста бірінші орын “Спорт клуб” командасының еншісіне бұйырса, Қармақшы ауданының жас жігіттері екінші орынға тұрақтады. Ал жергілікті №17 ОРМБЖМ командасы үшінші орынды місе тұтты.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ