Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кіші футболдан аудан біріншілігі басталады

Кіші футболдан аудан біріншілігі басталады

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында кіші футболдан үшінші аудан біріншілігі өз жалауын көтереді. Қазалы аудандық футбол федерациясының ұйымдастыруымен өтетін бұл турнир жанкүйерлерге тартысты да қызықты ойын сыйлай алатын алаңға айналғаны көңіл қуантады.
Биылғы аудан біріншілігінің бір ерекшелігі бар. Бұл біріншілікке қатысуға ниет білдірген командалар іріктеу арқылы таңдап алынады. Өткен жылы үздік өнер көрсеткен «Қыран», «Намыс», «Қазалы», «Энергомера», «Жанқожа» және «Әмір» командалары іріктеу ойындарына қатыспай, біріншілікке тікелей жолдама алады.
Аудан бірінішлігіне қатысатын командалардың саны шектеулі. Небәрі 12 команда қатыса алады. Сондықтан, іріктеу жарысына қатысуға тілек білдіруші командалардың жетекшілері тапсырыс қағаздарын 16 желтоқсанға дейін тапсырулары тиіс. Бір айта кетерлігі, іріктеу ойындарына командалар тегін қатыса алады. Ал, іріктеуден өтіп, турнирге қатысуға жолдама алған командалар жарнапұл төлейді.
Біздің байланыс телефондарымыз: 8 702 199 56 11, 8 702 823 75 00, 23-8-16. «Жалаңтөс батыр» атындағы орталық стадион. Электронды пошта: kazalyff@mail.ru.
Қазалы аудандық футбол федерациясы.
11 желтоқсан 2017 ж. 2 213 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 30

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 29

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 32

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 33

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031