Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлыққа жол жоқ

Жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді. Заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.
Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың,дара кәсіпкерлердің,азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке ел болып атсалысып, қарсы күресуіміз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың жұмысын ақпараттандыру және мемлекеттік органдардың мамандарымен азаматтардың байланыстарын азайту мақсатында бірқатар ақпараттық жүйелер мен электрондық қызметтер іске қосылған.
Бүгінде Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы тарапынан көрсетілетін қызметтер "Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет бір терезе қағидаты арқылы іске асырылуда. Аудан көлемінде жыл басынан бері 21 жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетілген.
Мекеме ғимаратының кіре берісінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы мемлекеттік қызмет алушыларға арналған ақпараттық тақтасы орнатылған. Ақпараттық тақтада Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V санды Заңы, ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 6 мамырдағы №7-1/418 бұйрығымен бекітілген «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» және «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын,импортына, транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары соңғы еңгізілген өзгерістермен жаңартылған, мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтары мен шағымдану тәртібі туралы ақпараттардың мемлекеттік және орыс тілдерінде нұсқасы ілінген.
Сонымен қатар ЕАЭО Комисссиясының шешімімен бекітілген біріңғай ветеринариялық сертификаттың (№1,№2,№3) және өтініштің үлгілері, сенім телефоны жазылып ілінген. Осы секілді игі бастамалар мен ақпараттық технологияны енгізу және пайдалану адам факторының әсерін жояды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлесін қосады деп есептеймін.
Н.НАУРЫЗБАЕВ,
Қазалы аудандық
аумақтық инспекция басшысы

24 наурыз 2019 ж. 3 375 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 18

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930