Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері осы жылдар ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады.
Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлері арасында әр апта сайын кемінде екі рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған техникалық сабақтар ұйымдастырылып өтуде.
Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет.
Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз.
Қазақстан халқы өз алдына ел болып, еңсесі биік жоғарғы мемлекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
Қайрат Шәдібекұлы Қамзаев,
Қызылорда облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы, мемлекеттік аудитор.
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» Заңның мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасы-ТМД елдерінің ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы заң қабылдаған бірінші және бірден-бір мемлекет. Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмыстарының нысандылығы мен тиімділігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері Елбасының жеке бақылауында тұрғандығына негізделген. Сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелері, оның пайда болуы, онымен күрес жүргізудің қылмыстық-құқықтық құралдары қызу пікір таластарын туғызу үстінде.
Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде аталмыш мәселеге байланысты іс-шараларға келетін болсақ, қызметкерлер арасында кемінде апсына екі рет департаментте техникалық сабақтар өткізілуде.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.
Қызылорда облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы, мемлекеттік аудитор
Есенбаев Мұрат
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу
бойынша камералдық бақылау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 14-бабында ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті белгіленіп, оның бірі болып тәуекелдерді басқару жүйесінің бірі болып камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыруы көрсетілген.
Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-VЗаңның 18 бабына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының бірі болып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асыруда.
Жоғарыда көрсетілген Заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімдейді және бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде растайтын материалдармен қоса мемлекеттік аудит объектілеріне жолданады.Уәкілетті органнан хабарламасы тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісі орындауға тиіс.
2018 жыл басынан бері тоғыз айда, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 28056 лоттар бойынша 313,4 млр. теңгеге камералдық бақылау жасалынып, нәтижесімен 721 лот бойынша 21,3 млр. теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында тапсырыс берушілерге хабарламалар жолданды.
Нәтижесінде, мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын бұзуға алдын ала жол берілмеу шаралары қолданылды.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасы-ның заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға әкеп соғады.
Аудит объектілерінің шығыс операцияларын тоқтату әрекеттерін қолдануға жеткізбеу мақсатында, Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен белгіленген тәртіп сақталуы керек екендігіне Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс берушілерінің назарын аударады.
Қызылорда облысы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаментінің
бөлім басшысы, мемлекеттік аудитор
Өмірбаева Майра