Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Өрлеу» – өркенді істер бастауы

«Өрлеу» – өркенді істер бастауы

Елбасы Н.Назарбаев бес институцианалды реформаны іске асыру мақсатындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қоғамдағы аз қамтылған азаматтар мен отбасыларды әлеуметтік қолдауға сәйкес мерейлі міндеттер белгіледі. Осыған орай Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жаңа форматтағы «Өрлеу» пилоттық жобасы бекітілді. Баянды бағдарлама аясындағы жарқын істер біздің ауданымызда да өркен жая түсті.
Бекітілген заңның аясындағы мақсат-міндеттер Өркендеу ауылдық округінде 2016 жылдың қазан айынан бастау алды. 2016 жылдың екі айында «Өрлеу» жобасының шартты ақшалай көмек бағдарламасы арқылы 1 отбасындағы 6 адамға 164892 теңге, 2017 жылы 1 отбасының 5 мүшесіне 182274 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды. Сонымен бірге, жыл басынан бері тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында комиссия шешімімен 20 отбасының 70 баласына 500850 теңге көлемінде балалар жәрдемақысы төленді.
Ал, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған азаматтар мен отбасыларды қолдаудың жаңартылған түрі – жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек енгізіліп отыр.
Жаңа бағыттағы атаулы әлеуметтік көмекті ұсыну мәселелері бойынша ақпарат пен консультациялық түсіндірме жүргізу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту орталықтарының және қала, кент, ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлеріне бекітілген.
Нәби ҮРГЕНІШБАЙ,
Өркендеу ауылдық округі әкімінің
міндетін уақытша атқарушы.
* * *
Ғ.Мұратбаев ауылдық округінде осы жылдың 4-тоқсанына 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 8 отбасынан 26 балаға тағайындалды. «Өрлеу» бағдарламасы арқылы 4 отбасына 631386 теңге көлемінде тұрмысы төмен отбасыларының жағдайларын жақсарту мақсатында мал алынып, кәсібін дамытуға көмек көрсетілді. Отбасының жұмыссыз бір мүшесі «Ғ.Мұратбаев ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарына 6 айға ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.
Ауыл тұрғындарына 2018 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енетін атаулы әлеуметтік қызмет көрсету тәртібіне байланыс¬ты №91 орта мектеп, №15 «Балдәурен» бөбекжай балабақшасы ұжымында, «Ғ.Мұратбаев ауылдық округ әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде балалар жәрдемақысын алатындар мен «Өрлеу» бағдарламасына қатысқан отбасыларға түсіндірме жүргізілді.
Алдағы 2018 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдісі өзгеруіне орай оның мөлшері ұлғаяды. Ағымдағы жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 24459 теңгені құраса, келесі жылы оның көлемі 28248 теңгеге дейін өсетін болады.
Абай РЫСТЫҒҰЛ,
Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі.
* * *
Аудан орталығынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан Қарашеңгел ауылдық округінде 6 елді мекен бар, 285 отбасында, 1563 адам тұрады.
Әлеуметтік қолдау бойынша округте 2017 жылдың 3 тоқсаны бойынша 18 жасқа дейінгі 24 отбасы мемлекеттік жәрдемақы алды. Елімізде басталған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» бағдарламасы аясында 3 бағытта жұмыс атқарылуда.
Бірінші бағыты бойынша округтен 8 адам аудандағы Қазалы көлік-техникалық колледжі мен Қазалы аграрлы-техникалық колледжіне 2 жыл 10 ай мерзімге жолдама арқылы кәсіптік оқуға жіберілді. Екінші бағытына сәйкес «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы 2 ауыл тұрғыны кәсіпкерлік негізінде оқып, жобаларын қорғау арқылы мал шаруашылығымен айналысу үшін несие алуға құжаттары дайындалуда.
Үшінші бағыт аясында 1 жас маман жолдамамен ауылдағы Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектебіне қабылданып, өз мамандығы бойынша тәжірибе алып жұмыс жасауда. 2017 жылы округкте ақылы қоғамдық жұмыстарға барлығы 13 адам қабылданды.
Қарашеңгел ауылдық округіне қарасты Жалаңтөс батыр ауылына Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің «Өрлеу» бағдарламасына байланысты сұрақтар бойынша мамандары келіп, ауыл тұрғындарына түсіндірме жүргізіп, қойылған сұрақтарына толықтай жауап берді. Ауылдық округтегі атқарылып жатқан жұмыстар одан әрі қарай жандандырылатын болады.
Шоқан ҚОЖАНТАЕВ,
Қарашеңгел ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы.
* * *
Майдакөл ауылдық округінде 2016 жылдан әлеуметтік мұқтаж топтарды қолдауға және отбасындағы нақты табысты арттыруға бағытталған «Өрлеу» пилоттық жобасына орай тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда.
Өткен жылы «Өрлеу» бағдарламасына 53 отбасы өтініш білдірді. Пилоттық режимдегі жобаға 34 адамнан тұратын 5 шаңырақ енгізілді. Нәтижесінде, еңбекке қабілетті 3 адам ақылы қоғамдық еңбекке тартылып, 2 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, яғни тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жобаның арқасында өз ісін бастаған жандар баршылық. Мәселен, осы бағдарламаға тартылған 5 отбасы шартты ақшалай көмектің қаржысына 3 мүйізді ірі қара және 30 бас мал алды. Олар заңдылығына сәйкес округтегі ветеринариялық пункттің бірдейлендіру базасына тіркелген. Бұл азаматтар алдағы уақытта мал басын көбейтуді жоспарлап отыр.
Бұл жаңа нысан – мемлекет қаражатының тиімді жұмсалуына, әлеуметтік көмекті мақсатты пайдаланып және еңбекке қабілетті адамдарды жұмыс жасауға ынталандыруға ықпал етеді. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қазіргі әлеуметтік төлемдерден айырмашылығы, ол тұрмысы төмен отбасыларға және азаматтарды кедейлік шегінен шығаруға бағытталған кешенді қолдау.
Ғалымжан ЗИНАДИНОВ,
Майдакөл ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.
* * *
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы бірінші басымдықтың үшінші кешенді міндеті – еңбек нарығын жаңғырту болып табылады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Ақжона ауылдық округінде бірқатар жұмыстар атқарылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқумен «Дәнекерлеуші» мамандығы бойынша Қуантқан Бауыржан Қазалы көлік-техникалық колледжінде оқып жүр, «Серпін» бағдарламасы аясында Бектұрған Жансерік білім алуда.
Екінші бағыт негізінде «Бастау – Бизнес» жобасы бойынша 2 адам оқып, Ерлан Аяғанов мен Ғабит Өтемұханов мал бордақылаумен айналысамын деп құжаттарын рәсімдеп, жұмыстарын жалғастыруда. Үшінші бағыт бойынша 7 адам жастар тәжірибесінен өту үшін 6 ай мерзімге жұмысқа алынды.
«Сыбаға» бағдарламасымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан үстіміздегі жылдың тамыз айында 2 адам несие алып, мал басын көбейтуде.
2016 жылы мүмкіндігі шектеулілер арасында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» мен «Құс жолы» корпоративі қорының ұйымдастыруымен өткен «Жұлдыздарға қара» жобасынан мүмкіндігі шектеулі азаматша Гүлжанат Наетова 200 мың теңге көлемінде грант алды. Сондай-ақ, Мейірхан Мырзағұлова шаштараз ашып, тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Ақтілеу БӨРІҚҰЛАҚОВ,
Ақжона ауылдық округі әкімінің міндетін
уақытша атқарушы.
* * *
Сарбұлақ ауылдық округінде 2 елді мекен бар, 81 отбасында 475 адам тұрады. Әлеуметтік қолдау бойынша округте 2017 жылдың 3 тоқсаны бойынша 18 жасқа дейінгі бір ғана отбасы мемлекеттік жәрдемақы алды. Биылғы жылдан елімізде басталған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» бағдарламасы аясында 3 бағытта жұмыс істелуде.
Бірінші бағыт бойынша: округтен 1 адам Қазалы аграрлы-техникалық колледжіне жолдама арқылы ветеринария мамандығы бойынша 6 айлық кәсіптік оқуға жіберілді.
Екінші бағытқа орай «Бастау – Бизнес» жобасы арқылы 2 ауыл тұрғыны кәсіпкерлік негізінде оқып және өз жобаларын қорғап мал және темір шаруашылығымен айналысу үшін несие алуға құжаттары дайындалуда.
Үшінші бағытқа сәйкес, 1 жас маман Сарбұлақ ауылында орналасқан №78 орта мектебіне қабылданып, өз мамандығы бойынша жұмыс істеуде. 2017 жылы округте тәжірибе жинау мақсатында ақылы қоғамдық жұмыстар негізінде 3 жас маман келісім-шарт бойынша жұмыс істеді.
Сарбұлақ ауылдық округінде аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Мұрат Бекмамбетов «Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу» бағдарламасы туралы ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарына толықтай жауап берді.
Алмат ҚЫЛЫШБАЕВ,
Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.
28 қараша 2017 ж. 2 315 0

Жедел көмек жан сақтайды

06 желтоқсан 2024 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031