Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанарымда жарық әлем

Жанарымда жарық әлем

Елімізде 13 қараша – көру қабілеті шектеулі жандарға құрмет көрсетудің, олардың қоғамдағы орнын дәріптеудің маңызды күні ретінде аталып өтеді. Атаулы күн қарсаңында Әйтеке би кенті әкімдігінің ғимаратында «Жанарымда жарық әлем» атты шара өтті.
Басқосуға Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Совет Кеңесұлы арнайы қатысып, ізгі тілектерін жеткізді. Кездесу барысында өмірдің әртүрлі белестерінен өткен жандарға құрмет көрсетіліп, аудан әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.
Мерекелік көңіл-күйді Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің өнерпаздары арттырды. Әсем әндер, жүректі тербейтін шығармалар қатысушыларға шаттық сыйлады, шараға ерекше жылылық пен мейірім қосылды.
Осындай шаралар қоғамдағы өзара қолдауды нығайтып, ұрпақ сабақтастығына үлес қосады. Жанарында үміттің оты, жүрегінде мейірімнің нұры бар жандар үшін бұл – рухани демеу, ал кейінгі буынға үлгі боларлық іс. Әрбір қатысушы өз өмірінің жарығын осы жылы кездесулерде көріп, шабыт алары анық.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
15 қараша 2025 ж. 136 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031