Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ашық алаңда айтулы мәселе

Ашық алаңда айтулы мәселе

Қазалы қалалық мәдениет Үйі, Қазалы аграрлы-техникалық колледжі ұжымының ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбие беру орталығы тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «СҰХБАТ ТІМЕ» жобасы аясында "Нашақорлық – ғасыр дерті" атты шара өткізілді.
Жас жеткіншектеріміздің санасына салауатты өмір сүру, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, зиянды әрекеттерден аулақ болуды насихаттау мақсатындағы шараға «Нұралы» мешітінің имамы Рүстем Ешмахан, Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасының «Шипагер" дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Аралкүл Ашықбай, Қазалы ауданының полиция бөлімі, Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің, Ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Махаббат Бегалиева, Қалалық мәдениет Үйінің директоры Бауыржан Ізмағанбетов қатысты. Басқосуда жасөсірімдер мен жастар арасындағы мәселелерге тоқталып, маскүнемдік пен нашақорлықтың салдары туралы мәліметтер мен қоғам дертінің алдын алуға бағытталған шаралар сөз болды. Еркін алаңда сұрақтар қойылып, ой-пікірлер ортаға салынды. Қазалы аграрлы-техникалық колледжі студенттері көрініс көрсетіп, тақырыптық өнерлерін ұсынды.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
15 қараша 2025 ж. 216 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930