Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс қарқыны бәсеңдемейді

Құрылыс қарқыны бәсеңдемейді

Аймақта құрылыс қарқыны жыл санап артып келеді. Құрылыс индустриясын дамытуға барынша басымдық беріліп, нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Ауданда осы салада атқарар жұмысы ауқымды. Бірнеше нысан бой көтеріп, жарқын жобалар жүзеге асуда.
Биыл ауданда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Әйтеке би кенті, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарында 3 спорт кешені мен Майдакөл ауылында 100 орындық ауылдық клубтың құрылысы жүруде. Жұмыс барысын жақында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов көріп, мердігерлермен кездесті.
Бүгінге дейін Бекарыстан би ауылындағы спорт кешенінің іргетасының колонналарына бетон құю жұмыстары, 10 кВ электр желісін және ауыз су желісін жүргізу жұмыстары жасалған. Қазіргі таңда темір қаңқалары тікейтіліп монтаждау жұмыстары жүргізіліп, құрылыс-монтаж жұмыстарының 40 пайызы орындалыпты. Спорт кешенінің құрылысымен мердігер мекеме «Жылу ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серістестігі мекемесі айналысуда. Ал Майдакөл ауылындағы ауылдық клуб құрылысының қызір 90 пайызы аяқталып тұр. Қазір мердігер мекеме «Намыс-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысан аумағына абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.
Аудан басшысы құрылыс нысандарын аралау барысында спорт кешені мен ауылдық клубтың құрылысын мерзімінен кешіктірмей сапалы етіп аяқтауды тапсырды. Мердігер мекеме мен тиісті сала басшыларына құрылыс жұмыстарын күнделікті қатаң бақылауда ұстау керегін айтты. Иә, ендігі мақсат – талапқа сай жұмыстың жүргізілуінде. Талап – қатал, жұмыс – тұрақты болғанда ғана сапалы нәтиже бермек.
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
15 қараша 2025 ж. 160 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031