Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бишілер бағындырған белес

Бишілер бағындырған белес

Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының «Өрнек» би үйірмесі аудандық «Ботақан» балалар шығармашылығы фестивалінде үздік өнер көрсетіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Байқауды Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы облыстық «QYZYLORDA» телеарнасы ұйымдастырды.
Фестивальдің облыстық кезеңінде балабақша тәрбиеленушілері «Би» жанры бойынша қатысып, этно-фольклорлық бағыттағы «Шабыт» би қойылымын көпшілік назарына ұсынды. Көрермендерді ұлттық нақыштағы өрнекті қимылымен тәнті еткен кішкентай бишілер арнайы дипломмен марапатталды. Ал үйірме жетекшісі Айгерім Өтеген еңбегі еленіп, алғыс хатқа ие болды.
Бүгінгі таңда «Өрнек» би үйірмесінің құрамында өнерлі бүлдіршіндер Асылым Сахи, Медина Баймырза, Айкөркем Нұрлан, Ләйлат Орақ, Ажар Жайшылық, Аяла Жылқайдар, Аселия Демекбай, Аяна Сұлтанбекова, Сафия Дулат, Айғаным Әбдінағи, Кәусар Қонақбай, Сезім Жомартова,Фатима Әбдірайым – би әлеміне қадам басып, түрлі шараларда белсенділік танытып келеді.
Өнерлі балғындардың жетістігі – балабақша ұжымының жүйелі еңбегінің жемісі. «Өрнек» би үйірмесі алдағы уақытта да талай белесті бағындырып, жаңа жеңістермен қуанта береді деген сенім бар.
Бекзат АСАН
15 қараша 2025 ж. 128 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031