Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шегенделмеген шекара немесе интернеттегі із

Шегенделмеген шекара немесе интернеттегі із

Фото: Жасанды интеллект
«Қауіп – ескергенге сақтық, ескермегенге апат». XXI ғасыр – цифрлық өркениеттің белең алған кезеңі. Бірақ осы өркениетпен бірге қауіп те қатар келді. Бүгінгі күні адам өмірін интернетсіз елестету мүмкін емес. Таңертең ұйқымыздан тұра сала, алдымен телефонға үңілеміз. Жаңалық оқимыз, әлеуметтік желіні бір шолып өтеміз, хаттарға жауап береміз. Бәрі ыңғайлы, бәрі қолжетімді. Бірақ осы қолайлықтың ең үлкен зияны, ең үлкен зардабы, көзге көрінбейтін қауіптің көлеңкесі бар екенін ұмытып бара жатырған секілдіміз.
Киберкеңістік-жаңа әлем. Бұл әлемде шекара да, қашықтық та жоқ. Бірақ сол әлемде біздің жеке өміріміздің құпиясы да жоққа айналып барады. Бүгінгі қоғамда «жеке өмір» деген ұғымының өзі шартты болып қалғандай. Сурет жүктедік – мыңдаған адам көріп отыр. Жеке хат жаздық – серверде сақталып тұр. Тіпті өшірген файлдың өзі із-түзсіз кетпейді. Сонда, шын мәнінде, «жеке өмір» деген ұғым қалды ма?
Бұрын жау шекарадан өтсе, қазір ол қалта телефоныңнан енеді. Яки ең үлкен соғыс майданы интернет кеңістігінде орын алуда Байқамай бір сілтемені бассаң болды, банк деректерің, жеке суреттерің, тіпті жеке әңгімелерің бөтен қолда кетеді. Мұның бәрі киберқауіпсіздік деген дүниені алдыңғы қатарға шығарды. Бұл жәй ғана техникалық термин емес, бұл-заман талабы, ұлттық қауіпсіздік деңгейіндегі мәселе.
Бір адамның өмірін бұзып, тыныштығын алу үшін мылтық емес, бір ғана пароль жеткілікті. Сол себепті қазіргі ең әлсіз жеріміз – интернеттегі ізіміз болып отыр. Қазақта «Қорыққанға қос көрінеді» дейді. Бірақ киберәлемде қорықпаған адам да қауіпке ұшырауы әбден мүмкін.
«Жеке өмір» ұғымы өзгерді ме? Әлеуметтік желіде көптеген адамдар өз өмірін өздері жариялап, «құпия» дегеннің шекарасын өз қолымен өшіріп жүр. Әлеуметтік желілерге жүктеген суреттеріміздің астында мекенжай, уақыт, құрылғы деректері автоматты түрде тіркеліп тұрады. Сол ақпаратты кім, қалай қолданатынын ешкім ойламайды.
Біреу «ойын жүктедім» дейді, ал екіншісі сол ойын ішіндегі барлық файлдарға қол жеткізіп жатыр. Біреу «құпия сөзімді ұмытып қалдым» дейді, келесісі соның көмегімен бөтеннің банк шотына кіріп жатыр. Бұл – шынайы өмір.
Бүгінде ақпарат өте маңызды дерек болып табылады. Бір фото, бір жеке мәлімет-миллиондаған теңгеге сатылуы мүмкін. Әлемде жеке деректерді ұрлау мен сатуға арналған жасырын нарықтар бар екенін біліп жүргеніміз жөн. Ол жақта адамның аты-жөні емес, жеке өмірі-тауар. Көп адам «маған не керек, мен жай адаммын» деп ойлайды. Алайда алаяқтқа бай не кедейдің айырмасы жоқ, оған керегі тек дерек. Телефон нөмірі, жеке куәлік нөмірі, банктік карта мәліметі-бәрі қымбат ақпарат. Сондықтан киберқауіпсіздік тек IT маманының емес, әр адамның міндеті.
XXI ғасырда қоғамға қажет ұғым – кибермәдениет. Бұл дегеніміз интернетті қауіпсіз, сауатты әрі саналы пайдалану. Балаға телефон беріп, бірақ оны пайдалану мәдениетін үйретпесек, ол ертең үлкен қауіпке өзі тап болады. Сол себепті ата-ана, ұстаз, қоғам-бәрі бірігіп, жаңа буынды цифрлық этикаға бейімдеп тәрбиелеуі тиіс. Білім мен сақтық қатар жүрмесе, технология-адамға емес, адам технологияға қызмет ететін заманға айналады.
Интернет – мүмкіндік алаңы. Бірақ бақылаусыз қалған жағдайда ол қауіп алаңына айналады. Алдымызда «Біздің жеке өміріміз бар ма?» емес, «оны қорғап қалуға дайынбыз ба?» деген сұрақ. Өйткені цифрлық заманда жеке өмірдің кілті – өз қолымызда.
Мирамкүл ШАМШАЕВА

15 қараша 2025 ж. 27 0

Қасиеттің де құны бар

15 қараша 2025 ж. 23

Жанарымда жарық әлем

15 қараша 2025 ж. 31

Білім саласы бақылауда

15 қараша 2025 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930