Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім саласы бақылауда

Білім саласы бақылауда

Білім саласы – әр қоғамның дамуы мен болашағын айқындайтын маңызды бағыттардың бірі. Осыған орай, аудан әкімі Алмасбек Есмаханов білім мекемелерінің жағдайын тұрақты бақылауда ұстауды басты назарға алып, Әйтеке би кентіндегі бірнеше мектепке сапар жасады.
Сапар барысында аудан басшысы мектептердің қазіргі жай-күйін өз көзімен көріп, оқу процесіне қажетті жағдайлардың қамтамасыз етілуін, тәртіп пен қауіпсіздік деңгейін тексерді. Атап айтқанда, М.Матаев атындағы №170, Жанқожа батыр атындағы №70 және №266 мектептерінде болып, оқушылар мен педагогтармен кездесіп, білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылады.
Аудан әкімі сынып бөлмелері, спорт залдары мен асханалардың жағдайын тексеріп, мектеп директорларына балаларға берілетін тамақ сапасы мен мәзірдің әртүрлілігіне, сондай-ақ асхананың санитарлық тазалығына ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, сыныптарды қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, әжетханаларды талапқа сай ұстау, аулада қураған шөптер мен жапырақтарды тазалау және кейбір қоршауларды сырлау жұмыстарын уақытылы орындау маңызды екенін атап өтті.
Сапар соңында аудан басшысы оқушылармен тілдесіп, оларға білім жолында табыс пен жарқын болашақ тіледі.
А. ЖҮСІПОВА
15 қараша 2025 ж. 145 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031