Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар байқауда топ жарды

Балалар байқауда топ жарды

Коллаж: автордыкі
Жақында «Суды үнемде – болашақты сақта» атты республикалық ауқымды жоба аясында Қызылорда облысының мектеп оқушылары арасында сурет байқауы өтті. Аймақ бойынша 800 жұмыс конкурсқа қабылданып, оның 127-сі іріктеуден өткен. Комиссия шешімімен тек 20 оқушының жұмысы үздік деп танылды.
Облыс ішінде топ жарған жеңімпаздардың бірі – Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің 3 «ә» сынып оқушысы Данеля Жандиярқызы. Сурет салуды жаны сүйетін оқушы байқауға Аралдың алаңдатқан қазіргі күйін бейнелейтін сурет салыпты.
– Су – тіршілік көзі. Өкінішке орай, әлемде судың қоры шектеулі. Сол себепті әрқайсымыз оны үнемдеп, тиімді пайдалануға өз үлесімізді қоса аламыз. Біз табиғи ресурстарға бай мемлекетте тұрамыз. Бірақ сусыз елдің де, жалпы адамзат баласының да дамуы мүмкін емес. Байқауға оқушымыз Арал теңізінің тартылуын бейнелейтін, су үнемдеп күріш өнімінің бітік шығуын суреттейтін және су тапшылықсыз болса тіршілігіміз түзелерін сурттеп салды. Мектебіміздің талантты оқушысы Данеляның жұмысы үздік деп танылғаны мерейімізді өсірді, – дейді жетекшісі Айнұр Сыдық.
Аймақтық бәсекеде қылқаламмен өнерін паш еткен қазалылық оқушылар бар. Олар Әйтеке би кентіндегі №204 мектептің 4-сынып оқушылары Аяна Нұрланқызы, Ғасырбек Тұрсынбекұлы, Нұркелді Қуанышұлы, №276 орта мектептің 4-сынып оқушысы Сержан Базарбай, Қазалы қаласындағы №95 орта мектептің оқушысы Жансерік Сахи. Барлық жеңімпаз Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Алғыс хатымен марапатталды. Оқушыларға 20 000 теңге көлемінде сертификат табысталып, құрал-жабдықтар дүкенінен өзіне қажетті заттарды алу мүмкіндігі берілді.
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
15 қараша 2025 ж. 143 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031