Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалың қалай, ауылдағы ағайын?

Қалың қалай, ауылдағы ағайын?

«Уәде беру – бір абырой, уәдені орындау – мың абырой». Бабадан қалған осы бір сөздің өзі ұрпағын мәрттікке, адалдыққа баулыған ұлт үшін адамдықтың өлшемі болары сөзсіз. Уәденің салмағын сезінгенде жүктелген жауапкершілік те, шешімін таппаған түйткіл де тарқайды. Уақытпен бірге үндесіп, тіршілігі мен кеңшілдігін сақтаған ауылдағы ағайынның жайы қалай? Жақында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов біліп қайтты.
Аудан басшысы Қожабақы мен Бозкөл ауылдарына барып, елді мекеннің тұрғындарымен кездесті. Халықтың талап-тілегіне құлақ түрді. Ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы бірқатар мәселелерді талқылады. Атқарылып жатқан жұмыстар легі пысықталды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жұмысын көріп, Қожабақы ауылындағы салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын бақылады.
Алдымен екі ауылдың да тұрғындарымен кездескен әкім ауданда аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тікелей қолдауымен жүзеге асып жатқан бірқатар жобалар жайында сөз қозғап, алдағы жұмыспен бөлісті. Елді мекендерде жоспарланған жобалар жайында айтып өтті. Кезек ұсыныс-пікірлерге келгенде тұрғындар тарапынан елді мекенішілік жолдарды асфальттау, Қожабақы ауылына барар жолдағы қауіпті бұрылыстарда жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдау, Бозкөл ауылына көгілдір отын жеткізіп, ауылдағы ескірген балабақша ғимаратын қайта салу сынды мәселелер көтерілді.
Тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселеге аудан әкімі мен тиісті сала басшылары заңдылыққа сәйкес жауап беріп, бұл мәселенің барлығы кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Аудан басшысы елді мекенішілік жолдарды асфальттау бойынша бөлінген қаржыға сәйкес екі ауылдан да бір көшеден асфальттап беруге жұмыс жасалатынын жеткізді. Тұрғындармен кездесуден соң ауылдық округтерде орналасқан мектеп, балабақша сынды әлеуметтік нысандарды аралап, бу қазандықтарының жұмысын көрді.
Қожабақы ауылындағы нысандарды аралау барысында елді мекенде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын көрді. Бүгінде спорт ғимаратының іргетасын, коллонналарын құю және сыртқы қабырғаларын кірпіш қалау жұмыстары аяқталып, ішкі, сыртқы кәріз жұмыстары, сыртқы ауыз су желісі жүргізілген. Сонымен қатар жобаға сәйкес калоналар жасалып, монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстары 40 пайызға орындалған. Спорт кешенінің құрылысы келер жылға толықтай ақяталып пайдалануға беру жоспарлануда. Аудан әкімі мердігер мекеме «Намыс-Құрылыс» ЖШС-нің жауапты өкілі мен жауапты сала басшысына құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде толық әрі сапалы етіп аяқтауды тапсырды.
Айнұр ӘЛИ
15 қараша 2025 ж. 127 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031