Қызылордада меценаттардың облыстық форумы өтті
Бүгін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен алғашқы рет «Нұрлы жүрек» атты I облыстық қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың форумы өтті.
Шараға облыстағы қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар, облыстық ҚХА құрылымдары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, жас кәсіпкерлер, басқарма қызметкерлері, қалалық және аудандық кәсіпкерлер және үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Форумның мақсаты - Сыр өңіріндегі қайырымдылық жасаушы азаматтар мен меценаттар мен кәсіпкерлерді қолдау, қайырымдылықтың жағымды бейнесін қалыптастыру арқылы оны дамытуға, қайырымдылықпен айналысатын барлық ұйымдар мен азаматтардың бірлесуіне жәрдемдесу болып табылады.
«Нұрлы жүрек» атты I облыстық қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың форумының алғы сөзін облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов алды. Ол жаны жомарт 12 азаматты марапаттады.
«Бүгінде облыс көлемінде жүрегі жомарт жандардың қолдауымен 732 қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, 227,2 млн теңгенің көмегі көрсетілді. Жеңіс мерекесіне орай 51 ҰОС-ның ардагері мен 5855 тыл еңбеккеріне 408,4 млн. теңгеге бюджеттен бір жолғы материалдық және әлеуметтік көмек берілді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қайырымдылық жасаушы кәсіпкерлер мен меценаттардың деректер қоры жасақталды. Сонымен қатар, әлеуметтік көмекті қажет етуші тұрғындардың да тізімі қалыптастырылды. Қайырымдылық көмегін қажет ететін әрбір азамат назардан тыс қалмайды»,- деді облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемұлы.
Аталмыш форум қоғамда әлеуметтік жағдайы аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсету, ортақ мақсатқа топтастыруды үндейді. Форум аясында қайырымдылық шараларымен айналысып жүрген «Нұрай» ЖШС директоры, Сейітқали Алшынбаев пен «Ел Арай» қоғамдық қорының директоры Асхат Байдаулетовке берілді. Сондай-ақ, жомарт жандарға ізгі лебізін білдіру үшін қайырымдылықтың қолдауын сезініп, пәтерлі болған Назерке Кадирова сөз сөйлеп, ризашылығын жеткізді.
Өз кезегінде, кәсіпкер меценаттардың атынан Майя Наримова үндеу оқыды. Форум соңы концерттік бағдарламаға ұласты.