Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтықтықтың жаңа түрі: Телефон арқылы гипноздап, код сұрайды

Алаяқтықтықтың жаңа түрі: Телефон арқылы гипноздап, код сұрайды

Алаяқтықтықтың жаңа түрі: Телефон арқылы гипноздап, код сұрайдыФото: Ru.freepik.com

Алаяқтар гипноз жасауға көшті. Олар адамдарды ешкім жоқ жерде сөйлесуге көндіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алаяқтар жеңіл жолмен ақша табудың тағы бір жолын ойлап тапты. Олар адамдарға хабарласып, түрлі себеппен код сұрайды. Әдетте олар сөйлескен кезде ешкім жоқ жерге баруыңызды сұрап, сол сәттен бастап дауыс арқылы гипнозбен сананы бағындыруға көшеді. Сөйтіп несие рәсімдетіп, қаражатты өз шотына аудартады.
Сондайларың құрығын түскен 21 жастағы Сәния “банктенбіз” деп, қоңырау шалғандарға сеніп, 800 мың теңге cанап берген. Айтуынша, олар гипноз жасаған.
“Біз халық банк қызметкеріміз, сізге хабарласып тұрған себебіміз, кредитке рәсімдеген сіз бе?” дейді. “Жоқ” деймін.  Гипноз сияқты. Тек басқарып отырғандай. Телефонмен сөйлесіп отырмыз, мені басқарып отыр болды. Олар рәсімде дейді, мен тіпті қарыз алуды да білмеймін ғой. Олар  айтып отырды, мен тек істеп отырдым, болды”, – дейді жәбірленуі Сәния Алмабек.
Жеңіл табысты көздегендердің бұл айласын экстрасенс-медиум да растап отыр.
“Алаяқтар телефон, видеобайланыс, аудио арқылы гипноз жасай алады. Гипноз дауыс арқылы жасалды. Гипноз ұл, қыз дегенді таңдамайды. Әлсіз, аңғал адамдар ілініп қалады. Алаяқ хабарласса, “тыныш жерге бар” деп неге айтады. Өйткені екі адамның ортасында жүреді. Жанындағы адамдар кедергі етпеу керек”, – дейді Әли Хайдар.
Мәжілістегілер бұл жағдайды ескеріп, қазір несиені адамдар бірден ала алмайтындай заң қабылдаған.
“Банктер туралы" заң қабылдадық. Онда “бір күн ойлану мерзімі” енгізілді, яғни адам бірден несие ала алмайды, тек банкке жеке өзі барып рәсімдеуі керек.. Егер ақша Қазақстан аумағында болса, оны қайтаруға мүмкіндік бар, ал шетелге кетсе, қайтару мүмкін емес”, – дейді мәжіліс депутаты Сергей Понамарев.
Алаяқтар өстіп жүріп жыл басынан бері халықтың 50 миллиард теңгеге жуық ақшасын қалтасына басқан. Оның тек 3 миллиарды ғана иелеріне қайтарылған.
Осы тұста Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 18 қарашадан бастап осындай айлакерлерді құрыққа түсіретін жаңа әдіс тапты. Енді алаяқтар жүздеп SIM-карта ауыстыра алмайды. Енді бір адамның басына тек 10 номер тіркеуге болады.
“Абоненттердің осындай артық белсенділігі немесе осы азаматтардың жеке деректерін сұрау фактілері немесе азаматтардың жеке деректерін тарату фактлері анықталса, осы анти фрод жүйесі осындай іс-қимылдарды автоматты түрде анықтап осындай абонент құрылғы және абонент бұғатталады”, – дейді ЖИЦДМ Тіркелген байланыс жобаларын дамыту және мониторинг басқармасының басшысы Азамат Серіктаев.
Құзырлы орындар белгісіз адамдарды ешқандай кодты айтпауға шақырды.
15 қараша 2025 ж. 116 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930