Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БЮДЖЕТІНІҢ 67%-Ы ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАРҒА БАҒЫТТАЛҒАН

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БЮДЖЕТІНІҢ 67%-Ы ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАРҒА БАҒЫТТАЛҒАН

2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 16-сессиясы өтті. Оған облыс әкімінің міндетін атқарушы Қ.Ысқақов қатысты.Алдымен тұрақты комиссиялар мен «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен отырысында депутаттар бюджеттегі қосымша қаржыны, сатып алулардан үнемделген ақшаны қайта бөлуді талқылады.
Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы С.Құлымбетованың айтуынша, қосымша 2,5 млрд теңге Қызылорда жылу электр орталығына мазут алуға, «Қазсушар» РМК «Арал» салынып жатқан құрылыстар кәсіпорны филиалының қызметін субсидиялауға бағытталмақ. Оған қоса Шиелі және Арал аудандық орталық ауруханалары, Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үй құрылыстарына жұмсалады.
Сессия қорытындысында облыстық бюджетке енгізілген өзгертулер мен толықтырулар мақұлданды.
Бүгінгі күні аймақ бюджеті 220 млрд теңге болса, оның 67 пайызы әлеуметтік саланың мәселелерін шешуге бағытталған.
http://www.http.inform.kz
28 қараша 2017 ж. 1 647 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031