Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білікті бапкер атындағы турнир

Білікті бапкер атындағы турнир

Елде спорт саласының дамуына үлес қосып, шәкірт тәрбиелеуде еңбегімен елге танылған бапкерлер көп. Шәкірт шынықтыруда тынбай тер төгіп, биік шыңдардан көрінуге сеп болған ұстаздардың еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Бүгінде олардың есімі ел жадында сақтаулы.
Соның бірі – ауданданның білікті бапкері, Қазақстан Республикасының Құрметті қызметкері, КСРО спорт шебері Сапарбек Төлегенұлы. Жақында бапкерді еске алуға арналған грек-рим күресінен 2011-2022 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды. Республикалық турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, жас балуандарға сәттілік тіледі.
– Президенттің, Үкіметтің және аймақ басшысының қолдауымен ауданда спорт инфрақұрылымы мен бұқаралық спортты дамытуға көптеп көңіл бөлініп келеді. Бұған дейін аудандағы Қ.Пірімов, Ү.Түктібаев ауылдарынан бұқаралық спортты дамыту мақсатында заманауи спорт кешендері, сондай-ақ бірқатар елді мекендерде спорт алаңдары мен ойын алаңдары салынып, пайдалануға берілсе, өткен жылы аудан орталығында 200 адамға арналған «Әмір арена» спорт кешені пайдалануға берілді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Әйтеке би кентінен, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарынан үш бірдей спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Көрсетілген қолдаудың арқасында жыл сайын қазалылық спортшыларымыз түрлі деңгейдегі ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымызды көкте желбіретіп, аудан абыройын асқақтатып келеді. Бүгінде спорттың дәл осы грек-рим күресінен биік белестерді бағындырып жүрген қазалылық балуандарымыз жетерлік. Білікті бапкер Сапарбек Көбегеновті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирді ашық деп жариялаймын. Спорттағы жетістігіміз бен жеңісіміз азаймасын! Барлық балуандарға сәттілік тілеймін, – деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Турнирдің ашылу салтанатында облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп, спорт ардагері, Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» Қуанған Бәкен және Сапарбек Төлегенұлының туыстарының атынан Мұратбек Жарылқасынов сөз сөйлеп, білікті бапкердің ауданның спорт саласының дамуына қосқан үлесі жайында атып өтті.
Екі күнге созылатын балуандар бәсекесіне Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарынан және басқа да қалалардан 200-ге жуық жас балуандар қатысуда. Әйтеке би кентіндегі №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде өтіп жатқан балуандар сайысының алғашқы кездесулерін аудан әкімі турнирге келген қонақтармен бірге тамашалады.
Ертең балуандар бәсекесінің қорынтындысымен турнирдің үздіктері мен жеңімпаздары арнайы дипломмен марапатталып, ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтарға ие болмақ.
Айнұр ӘЛИ
15 қараша 2025 ж. 20 0

Қасиеттің де құны бар

15 қараша 2025 ж. 23

Жанарымда жарық әлем

15 қараша 2025 ж. 32

Білім саласы бақылауда

15 қараша 2025 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930