Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі еңбек және тыл ардагері Ертас Сәдуақасовты қабылдады

Аудан әкімі еңбек және тыл ардагері Ертас Сәдуақасовты қабылдады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнап, ел игілігі жолында табанды еңбек еткен еңбек және тыл ардагері, абыз ақсақал Ертас Сәдуақасовты арнайы қабылдады.
Кездесу барысында аудан басшысы ақсақалдың ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтіп, ілтипат білдірді. Сондай-ақ, аға буын өкілдерінің ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесі кейінгі ұрпақ үшін қашан да маңызды екенін жеткізіп, ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, алғыс білдірді.
Өз кезегінде Ертас Сәдуақасов аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, өңірдің өркендеуі жолындағы бастамаларға сәттілік тіледі.
Ертас Сәдуақасов – 1938 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Еңбек ардагері жастайынан өңірдің ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан. Сол кезеңдегі Бозкөл колхозындағы қой шаруашылықтарына жем-шөп жеткізу жұмыстарымен айналысқан.
15 қараша 2025 ж. 116 0

Қасиеттің де құны бар

15 қараша 2025 ж. 107

Жанарымда жарық әлем

15 қараша 2025 ж. 103

Сала мамандарына марапат

15 қараша 2025 ж. 102

Білім саласы бақылауда

15 қараша 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930