Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітапханашылар эстафетаны жалғастырды

Кітапханашылар эстафетаны жалғастырды

Қазалыда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафеталық шараны аудандық орталық кітапхана қызметкерлері жалғастырды.
Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында «Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес» тақырыбымен өткен шараға келгендер алдымен «Адамзаттың Абайы» атты кітап көрмесін тамашалады.
Абайдың мұраларын ұлықтауға арналған шарада аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов құттықтау сөз сөйледі.
Мұнан кейін ғұлама, ойшыл, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған ақынның жырлары мен қара сөздерінен үзінділер оқылды. Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Абайдың «Тайжорға» күйін орындаса, №165, №216 және №226 мектептің оқушылары үш тілде өлең оқыды.
Шара соңында аудандық орталық кітапхана директоры Индира Назарова эстафетаны Көларық ауылдық округінің әкімі Серік Өмірзақовқа табыстады. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған келесі эстафеталық шара Ақтан батыр ауылында өтеді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
23 ақпан 2020 ж. 882 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 55

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 57

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 100

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 116

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031