Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес

Аудандық орталық кітапханада қазақ халқының ұлы ойшылы, ғұлама, біртуар тұлға Абай Құнанбаевтың туғанына 173 жыл толуына орай «Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес» атты тақырыпта ақыл шығар­машылығына арналған әдеби сая­хат ұйым­дастырылды. Мәдени шарада кітапхананың жас оқырмандары ақын шығар­машылығымен тереңірек танысып, өз заман­дастарын Абайды тануға шақырды.
Абай еңбектерін рухани азыққа айналдырудың пайдасы көл-көсір, оның қасиетті қара сөздеріне, яғни даналық трактаттары мен лирикалық туындыларына зер салып үңіле білсең көзің ашыла түседі. Ұлтымыздың ұлы тұлғасының шығармаларымен сусындаған ғалымнан бас­тап санасында сәулесі бар жастың да оған сүйенетіні сондықтан.
Мағжан ақынның:
«Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның,
Әлемнің құлағынан әні кетпес!» – деп жырлағанындай дана Абайдың – ел ұлылығының заңғар көрсеткіші екендігі дау­сыз шындық.
Нұргүл ӘЖІҒҰЛОВА,
аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы
22 тамыз 2018 ж. 3 304 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 213

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 146

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031