Қазалы аудандық прокуратурасымен жүргізілген қадағалау жұмыстарының нәтижесінде жергілікті атқарушы органдармен кәсіпкерлердің құқықтарын шектейтін акті қабылданғаны анықталды....
Осындай тақырыпта ақын, журналист, қоғам қайраткері Жетіскен Мәкеналының 70 жасқа толуына орай әдеби сазды кеш өтті. Оны 25 қазан – Республика күніне арнаған Ж.Жабаев атындағы №234 мектебінің Бастауыш сынып пән бірлестігінің мүшелері ұйымдастырды. Айтулы басқосуға ақынның жары Марияш Марданқызы арнайы...
Атақ пен айқайды, даңқ пен дабыраны жаны сүйе қоймайтын жандар болады. Олардың істеген ісі-ілкімді, шаруасы-мұқият. Тіршілігіне кісі қызығар, пайым-парасатына жан сүйсінер. Әсілінде адамның адамшылығы – мейірімі мен көңіл шуағының өзінен артылып, өзгеге сәулесін түсіруінде, ары мен жанын ізгілікке толтыра...
Уақыты келгенде темір де тозады. Не нәрсенің де мәңгілік ғұмыры жоқ. Сондықтан сақтық шараларын қадағалап, қауіптің алдын алу мақсатында қажетті шаралар жасалынып тұруы тиіс. Бұлай дейтін себеп те бар. Тілге тиек – Қазалы стансасындағы теміржол бойында орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір. Осы...
«Қарттар – асыл қазынамыз» деп ардагерлерге лайықты құрмет көрсету ауданымызда жылдан жылға еселеп артып келеді. Соның бір айғағы ретінде аудан әкімі М.Оразбаев «Қарттар күніне» орай жасаған игі шараны айтсақ жарасады....
Сыр өңірі бағзым заманнан бері балық шаруашылығына өте қолайлы аймақ саналады. Сыр мен Әмударияны жағалай қоныстанған жұрт үшін балық өнімдері таптырмас деликатес, денсаулыққа пайдалы тағам ретінде жоғары бағаланады. Қолдан жасалған геноцидтің кезінде бір жұтым нан таппаған талай қазақтың аш құрсағын...
Соңғы жылдары ауыл күнін атап өту дәстүрге айналды. Ауылдағы ағайынның ауызбіршілігін арттырып, өнегелі шаралардың бірпарасы өткен аптада «Ауылым – алтын бесігім» атты тақырыппен Бозкөл ауылдық округінде өтті....
Баяғы әуенді бастаймыз. Қоғамдық көлік мәселесі. Қазақта: «Айта айта Алтайды, Жамал апам қартайды» деген тәмсіл бар емес пе еді? Бұл аудандық маршруттардың шешімсіз мәселесіне көздеп тұрып айтылғандай көрінетін бар. Кеше ғана жаңбыр жауып, күн суытты. Ал былтыр жаздың аптабына шыдас беріп, базар маңындағы...
2010 жылдың 9 қыркүйегінде Қызылордада Жалаңтөс баһадүрді еске қалдыру шарасы атқарылды. Үлкен де жан-жақты дайындықпен басталған шара мәнді болды. Қолбасшыға ескерткіш ашылып, мазмұнды ғылыми конференция өтті. Сол жолы қонақтарға берілген дәм үстінде: «Ендігі жылы Сердалы Бекшориннің Қазалыда мектеп...
Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Ананың әлдиі, аяулы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған батыр да ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың тарихын білу қымбат қазына. Өзінің туған жерін жан жүрегімен...