Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ұрланған көлікті сатып алудан қалай сақтануға болады?

Қазақстанда ұрланған көлікті сатып алудан қалай сақтануға болады?

Фото: depositphotos.com/Denisfilm
Қазақстандағы автокөлік нарығы ілгерілеп келеді, алайда онымен бірге тәуекелдер де артып жатыр. Көлік сатып алу - әрқашан стресс, ал ертең Интерпол базасынан бірақ шығуы мүмкін көлікті алу - екі есе стресс. Tengri Auto сарапшы Валерий Сафоновтан өзіңізді қалай қорғауға болатынын және алаяқтардың құрығына түспеудің жолдарын сұрап білді.
Басты тұзақ: VIN-коды өзгертілген "таза" көлік
Бүгінгі таңдағы ең қауіпті схема - "егіз" көліктер деп аталады. Алаяқтар мүлдем таза автокөліктің VIN-кодын алып, оны ұрланған көлікке басып жібереді. Нәтижесінде ресми базалар көліктің таза екенін көрсеткенімен, іс жүзінде ол іздеуде болып шығады. Сондықтан сарапшы тек онлайн-тексеріспен шектелмей, шанақтағы VIN-код тақтайшасын жеке тексеруге кеңес береді. Дәнекерлеу іздері, анық емес таңбалар немесе зауыттық стандартқа сәйкес келмеуі - мәміледен дереу бас тартуға негіз болады.

Ресми тексеру
Алғашқы қадам ретінде "ХҚКО" қосымшасы немесе eGov.kz порталы арқылы тексеру қажет. "Автокөлік тарихы" сервисі тіркеуді, кепілдіктерді, тыйымдарды, айыппұлдарды және кедендік рәсімдеуді көрсетеді. Бұл барлық мәселенің шешімі болмаса да, жақсы сүзгі. Мынаны түсіну маңызды: сервис басқа елдердегі іздеуді көрмейді, сондықтан сырттан әкелінген көліктер үшін қосымша тексеру қажет.

Құжаттардың толық тізбегін талап етіңіз
Сарапшы сатушыдан тек техпаспортты ғана емес, сонымен қатар алдыңғы иесімен жасалған сатып алу-сату шартын да сұрауға кеңес береді. Егер көлік шетелден әкелінсе - кедендік декларацияларды, утилизациялық алымның төленгенін растайтын және алғашқы тіркеу туралы құжаттарды талап етіңіз. Жеткізу тізбегінің ашық болуы - адал мәміленің белгісі.

Тек мамандандырылған ХҚКО
Көлікті "сенімхат бойынша" немесе "сөзге сеніп" сатып алу - ақшадан да, көліктен де айырылудың төте жолы. Мәмілені тек мамандандырылған ХҚКО-да ресімдеу қажет. Онда деректер автоматты түрде іздеу базасы бойынша тексеріледі, егер бір шикілік болса, мәміле тіркелмейді. Бұл көліктің кейіннен "проблемалы" болып шықпауының жалғыз кепілі.

Не нәрсе күмән тудыруы тиіс?
Тым төмен баға - мәселенің бар екенін білдіретін классикалық белгі. Алаяқтар проблемалы көлікті тезірек өткізу үшін құнын төмендетеді. Сондай-ақ ашық тарихы жоқ жеке тұлғадан сатып алғанда абай болу керек. Ірі, тексерілген компаниялар қызметі үшін қымбаттау алғанымен, заңдық тазалыққа жауап береді. Ең бастысы - көлік сатып алу бәйге емес екенін түсіну. Кейін жылдап айыпсыз екеніңізді дәлелдегенше, тексеруге бір күніңізді жұмсаған абзал.
09 қазан 2026 ж. 106 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031