Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаңдатқан аспалы көпір

Алаңдатқан аспалы көпір

Уақыты келгенде темір де тозады. Не нәрсенің де мәңгілік ғұмыры жоқ. Сондықтан сақтық шараларын қадағалап, қауіптің алдын алу мақсатында қажетті шаралар жасалынып тұруы тиіс. Бұлай дейтін себеп те бар. Тілге тиек – Қазалы стансасындағы теміржол бойында орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір. Осы өткелмен 5 ықшам ауданының 15 мыңға жуықтайтын халқы күнделікті стансаның екі ортасында жүретіндігі анық. Бұрындары бұл көпірдің теміржолшылар ағаштарын ауыстырып, жаңасын қағып жататынын жиі байқайтынбыз. Соңғы кездері халық мұндай көңілге жағымды көріністі көруге зар болды. Ал осы жөндеу көрмеген өткелдің үстінен арлы-берлі жол жалғап жүрген ағайын өз наразылығын да білдіруде.

– Бұрын осының бойын жағалай жарық түсіріп тұратын шамдар болатын. Кейін солар ұшты-күйлі жоғалды. Әр қыс-күз мезгілінде профилактикалық тазалау жұмыстарымен қатар қауіпсіздік шаралары қолданылатын. Ол да бірте-бірте саябырсыды. Ұмытпасам көктем-жаз кездерінде бірнеше адам ағаштарын жаңалайтын. Осы күні олардың бәрі ұмыт болды. Мостының үстімен өткендер біледі. Ағаштары әбден тозды. Арасы ашылып, босап, сылқылдап тұр. Кейбірінің шегесі содырайып шығып тұрады. Байқаусызда сүрініп те қаламыз, – дейді ауыл тұрғыны Аймырза Сәулетбеков.
Жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірдің салынғанына биыл 64 жыл болыпты.
Қазалылықтарға қаншама жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан көпір Қазалы жол дистанциясының теңгерімінде. Бұл мекеме құрамындағы 400-ден аса жұмысшы-қызметкермен Аралқұмнан бастап Қаракеткенге дейінгі аралықтағы пойыздар қоз­ғалысына жауап береді. Басты жолдың ұзындығы – 519,8 стансалық жол – 125,3 шақырымды құрайды және 419 бума бағыттағыш бұрма жұмыс істейді. Бұған қоса 225 жасанды құрылыс, 55 қызметтік техникалық ғимарат және 11 теміржол өткелі бар. Қазалы жол дистанциясы ұжымы айтылған нысандардың күнделікті ағым­дық жөндеуімен айналысады-мыс.
Көпір шебері Нұркен Қараба­лаевтың мәлімдеуінше, жаяу жүргін­шілерге арналған темір көпірдің ұзындығы – 203,45 метрді құрайды. 1955 жылы сметалық жобасы Орынбор теміржолына қарасты жобалық конторының бас инженері Белашов, топ басшысы Рейдчнейстердің бақылауымен сызылған. Жазба деректерде жоба авторы Карпухов, тексеруден өткізген Волков делінген.
Осыдан екі жыл бұрын мамандардан бетоннан мезгілдік жауын-шашыннан қорғану мақсатында заманауи үлгіде төбесі жабық жаңадан көпір салынатындығын естіп күні бүгін салынатындай қуанып едік. Бірақ мұның бәрі бәлду-бәлду құр сөз болғаны ма?
Ал қазіргі күйі мүшкіл өткелдің тіреулері рельстен жасалғандықтан күрделі жөндеу қажеттілігін немесе уәде етілген жаңа көпір салу керектігін Қазалы жол дистанциясы басшылығы ескермей ме?!
Біздің міндет тұрғындардың өз қауіпсіздігіне алаңдаған наразылығын тиісті орындарға жеткізу. Сондықтан тоғыз тораптың үстінен өтетін екі араға қатынау құралы бұрынғыдай уақытылы жөнделіп, ретке келтірілуі тиіс. Егер жоспарланған жаңа көпір салынса, нұр үстіне нұр. Себебі аудан тұрғындарына әлі талай қызмет көрсететін өткелдің маңыздылығы өте зор.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
27 қазан 2022 ж. 288 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031