Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауызбірлікке бастаған ауыл күні

Ауызбірлікке бастаған ауыл күні

Соңғы жылдары ауыл күнін атап өту дәстүрге айналды. Ауылдағы ағайынның ауызбіршілігін арттырып, өнегелі шаралардың бірпарасы өткен аптада «Ауылым – алтын бесігім» атты тақырыппен Бозкөл ауылдық округінде өтті.
№96 Қарасақал Ерімбет атындағы мектептің спорт залында Волейболдан облыстық турнир өткізілді. Турнирге Қызылорда, Арал, №17 спорт мектебі, Әйтеке би спорт клубы, Құмжиек пен Бозкөл ауылының командалары қатысты. Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша Бозкөл ауылының командасы бірінші, Қызылорда екінші, Арал құрамасы үшінші орынға ие болды.
Сол күні кешкілік орталық саябақтағы жазғы сахнада ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ауыл өнерпаздарының концерті өткізілді. Концертке ауыл тұрғындары түгел шақырылып, балаларға түрлі ойын ойындар ұйымдастырылды. Клуб қызметкерлері ауыл халқына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
15 қазан күні меймандарды жағалай тігілген киіз үйлердің жанындағы қазақы салт-дәстүрлерден көріністерді тамашалады. Бұдан кейін Сариев Жаңаберген, Бөлебаев Жұбандық атындағы қазақша күрестен арқан тартудан сайыс өткізілді. Сонымен бірге ауылдық мәдениет үйінде «Ауылым – алтын бесігім» атты жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді. Жыр маржанын терген 12 адамның арасынан Аранды ауылынан келген Жанғазы Данабек Бас жүлдеге, Кәукей ауылының ақыны Айтжан Өмірзақ бірінші, Тасарық ауылынан Қарлыбай Меруерт пен Ұлманбет Манзура екінші, Бозкөл ауылынан Шапай Ақнұр, Қ.Пірімов ауылының тұрғыны Әбілда Мағжан, қожабақылық Аяған Бағдаулет үшінші орынға ие болды. Сайысқа қатысқан барлық талапкерлер диплом мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Бұдан кейін ауыл тұрғындары «Бала ахун» мешітінде дайындалған астан дәм татып, әруақтарға құран бағыштады. Түс ауа ауыл сыртындағы ипподромда ат жарысы өткізілді. Жүйріктер сайысы аламан бәйге, ауыл аралық аламан бәйге, құнан бәйге, қанды тай жарысы, ауыл аралық тай жарысы бойынша сайыс­ты.
Кешкілік орталық саябақтағы жазғы сахнада гала концерт өтті. Концертте ауыл әкімі Бөлебай Ақылбек «Ауыл күнін» қорытындылап, мәдени- көпшілік шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан азаматтарға естелік сыйлық пен «Алғыс хаттар» табыс етті. Көпшілік көз жауын алатын отшашуға куә болып, жиын көңілді би кешіне ұласты.

Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
27 қазан 2022 ж. 361 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930