Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалуда

Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалуда

Қазалы аудандық прокуратурасымен жүргізілген қадағалау жұмыстарының нәтижесінде жергілікті атқарушы органдармен кәсіпкерлердің құқықтарын шектейтін акті қабылданғаны анықталды.
Атап айтқанда, Қазалы ауданы әкімдігінің жер қатынастар бөлімінің 2022 жылы өткізген сауда-саттық хаттамасымен Қазалы ауданында 34 кәсіпкерлік субъектісіне кәсіпкерлік қызметтерін дамыту және жүзеге асыру үшін жер учаскелері 2 жылға жалдау құқығымен сатылған.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 35-бабының 2-бөлігіне сәйкес елді мекен шегінде объектілер салу үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы кемінде 3 (үш) жыл мерзімге беріледі. Алайда жергілікті атқарушы орган жер учаскесін жалдау құқығын аукционға сату кезінде 3 жылға бермей, заңсыз түрде мерзімін 2 жылға белгілеп, кәсіпкерлердің құқығының шектелуіне алып келген. Соның салдарынан кәсіпкерлер қысқа мерзімде құрылыстарын жүргізе алмаған.
Аталған дерек бойынша Қазалы аудандық прокуратурасымен кәсіпкерлік субъектілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында қала әкімдігіне наразылық актісі енгізіліп, нәтижесімен бүгінгі күні әкімдік пен кәсіпкерлер арасында қайтадан қосымша 3 жылға шарт жасалып (3 жыл мерзімге толыққанды), жер телімдерін жалға алу мерзімдері ұзартылды.
Қазалы аудандық прокуратурасы бизнесті қорғау бағытында қадағалау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл бағытта мобильді топ жұмыс істейді және 21-3-64 сенім телефонына кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу деректері бойынша хабарласуға болатынын назарға саламыз.
Қазалы аудандық прокуратурасы
27 қазан 2022 ж. 206 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 188

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 130

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031