Қазақстандық ғалымдар жалған ғылыми басылымға 250-ден астам мақала жариялады
2017 жылы 250-ден астам мақала жалған ғылыми басылымдарға жарияланды. Бұл туралы әлемдегі рефераттар мен ғылыми жарияланым шығаратын ірі басылымның бірі Scopus-қа сілтеме жасап "Sputnik Қазақстан" порталы жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан ғалымдары рейтинг үшін өзінің ғылыми жұмыстарын жалған журналдарға жариялайды.
Ғылыми салада мұндай басылымдарды «жыртқаш» немесе «қоқыс» деп атайды. Бұл журналдардың ғылыми құндылығы жоқ, ал мақалаларды авторлардың ақшасын алу үшін ғана жариялай береді. Жалған журналдарға жарияланым жасау үшін шамамен 1 500 доллар төлеу керек.
«Дегенмен, ғалымдар мұндай басылымдармен жұмыс істейді. Біреулері білмей, алданып қалады. Екінші біреулері ғылыми атақ не дәреже алу үшін жалған екенін біле тұра жариялауға тапсырыс береді. Өйткені, ғалымның тиімділігін бағалаудың ең басты критерийлерінің бірі – ғылыми басылымға материал жариялау. Яғни ғалымдар қанша көп материал жарияласа, сонша жақсы деген қысымға беріліп кетеді. Нәтижесіне келер болсақ, 2012 жылдан бері Қазақстан зерттеушілерінің арасында ең танымалы да - «қоқыс» журналдары. Көбіне мұндай журналдарға PhD докторанттары, «профессор» сияқты ғылыми атақ алуға үміткерлер мақаласын жариялайды», – деді Almaty Management University ғылыми зерттеу орталығының директоры Данияр Сапарғалиев.
Өтірік басылымдар Scopus-тың жалған индексациясын декларациялап алады да, зерттеуді мақұлдауға мақала авторлары танымайтын атақты ғалымдардың аттары жазылады. Кейде осындай жалған компаниялардың атынан импакт-фактор (ғылыми жуналдың маңызыдылығының көрсеткішінің дәйексөз индексі) жазады.
2017 жылы қазақстандық ғалымдар Scopus-та индекстелетін беделі жоқ жалған басылымдарда кем дегенде 251 мақала жариялады. Мұндай еңбектің барлығын қоқыс деп есептеуге болады.
baq.kz