Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүйріктер енгізілген жаңа альбом

Жүйріктер енгізілген жаңа альбом

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы қолға алынған болатын. Дәл сондай жобаны Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей ұйымдастырды. Жаңа жоба «Лицейлік 100 жаңа есім» деп аталады. Аталған жобаға түрлі байқаулар мен биік белестерді бағындырған 200-ден астам үміткер дауысқа түсіп, оның 100-і ғана таңдалып кітап – альбомға енді.
Бұл ерекше кітаптың тұсаукесерін ұжымның ел Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеште «Құрмет» орденінің, Европаның ғылыми-өндірістік палатасының «Алтын медалінің» иегері Күләш Мергенбаева қиды. Таңдаулыларға арнайы куәлік тапсырылып, олардың салтанатты шеруін ұйымдастырды.
«Лицейлік жаңа 100 есім» кітабына жеткен жетістігі мен жасаған еңбегімен үлгі болған, ауданымыздан шыққан тұңғыш «Алтын белгі» иегері, АҚШ-та өткен ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы, дарынды оқушы ретінде Елбасының қабылдауына шақырылған Н.Жанұзақов, 9 жасында Америкаға барып қазақ өнерін әлемге танытқан «Алтын белгі» иегері М. Жұмамұрат, республикалық сынып жетекшілерінің байқауына қатысып бас жүлдені жеңіп алған Х.Орынбасарова, АКСЕЛС байқауының бірнеше дүркін жеңімпазы Ж.Абжанова, қысқа ғұмырында үздіксіз республикалық олимпиада жеңімпаздарын, жас ғалымдар легін дайындаған «үздік ұстаз», «үздік ғылыми жетекші», «үздік ұйымдастырушы» бағамдарының иегері, ақын А.Сапардың т.б. мектеп мақтаныштарының есімдері бірауыздан енгізілді.
«Бағалай білмегенге бақ қонбайды, қуана білмегенге құт қонбайды» дегендей, біз бір-біріміздің еңбегімізді бағалай білетін, қуаныштарымызға қуана білетін, бақ қонған, құт қонған ұжымбыз. Сондықтан болашақта бұл кітаптың екінші, үшінші томдары шығарылмақ.
К.СЫРҚЫЗЫ.
27 желтоқсан 2017 ж. 3 462 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 127

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 115

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930