Ғылыми зерттеу орталығы мамандарының отырысы
Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысына келген «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы мамандарының қатысумен отырыс ұйымдастырылды.
Отырысқа «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері Сұрағанова Зүбәйра Қабиқызы және Рақымбердіқызы Арайлым қатысты. Сондай-ақ, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абуова Мира Рақымжанқызы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Кәрбозов Бағдат Кәрбозұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Археология және этнография» ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Тәжекеев Әзілхан Әуезханұлы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының редакторы, тарихи мәдени мұралардың жанашыры Есімсейітова Қаршыға Құрмашқызы және Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Бекмамбет Бақыткүл Тоқтамұратқызы, облыстық тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі КММ – нің директоры С.Козейбаев және мекеме археологы Елеуов Еркебұлан, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Сайлау Асхат қатысты.Елбасы өз сөзінде: «Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлері» бағдарламасы жобасы», – керек деген болатын. Бұл жобаны іске асыру мақсатында еліміз бойынша қасиетті орындардың тізбесі жасақталуда. Елбасы тапсырмасын тиянақты орындау үшін Ұлттық музей жанынан «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы құрылды. Қазақстанның қасиетті жерлерін анықтау жұмыстары Сыр өңірінде де қарқынды жүзеге асырылуда. Өлкемізден қасиетті орындарды саралап сараптау үшін облыс әкімінің бекітуімен өңірлік комиссия құрылды.
Үстіміздегі жылдың 17 тамызында Қазақстан Реаспубликасы Президенті Әкімшілігінің басшысы – Ұлттық комиссияның төрағасы Ә.Р.Жақсыбековтың төрағалық етуімен ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның үшінші отырысында «Қазақстанның жалпыхалықтық маңызы бар қасиетті орындары» тізімінің жобасы таныстырылып, облыс бойынша 12 тарихи нысан Қазақстанның киелі орындары тізіміне енді.
Ал, осы жоба аясында жергілікті маңызы бар қасиетті орындардың тізімі жасалып, 36 тарихи нысан ұсынылды.
Отырысты өткізудің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды және ата-бабаларымыздан қалған мұраларды сол күйінде сақтап, өскелең ұрпаққа жеткізу.
ҚЫЗЫЛОРДА online