Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Асанәлі Әшімұлының жас кезіндегі әзіл өлеңі

Асанәлі Әшімұлының жас кезіндегі әзіл өлеңі

Атақты әнші Мұхит (шын есімі – Мұхамбеткерей – Б.О.) Мералыұлының немере інісі Шынтас Қаратайұлы 1913 жылы қазақ және орыс сөздерін араластырып шығарған әнді бүгіндері қазақтың бәрі біледі. Бұл әнді Шынтастың өзінен үйренген, Ғарифолла Құрманғалиұлы керемет шырқайтын. Кезінде «Дос-Мұқасан» тобының музыкалық өңдеуінде тағы бір рет кеңінен танымал болған «Он алты қыз» әнінде екі халықтың есімдері аталады.
ОН АЛТЫ ҚЫЗ
Астыма мінген атым генадушка,
Шабамын көңіл ашып немножка.
Не стоит на свете жить етуге,
Азырақ ойнап-күлмей молодушка.
Қайырмасы:
Зұлқия-ай, Ұрқия-ай,
Қатира-ай, Сағира-ай,
Күлзира-ай, Нәзира-ай,
Нағима-ай, Бәтима-ай.
Әшекей қыз Айжан-ай, бәлекей қыз Балжан-ай,
Шашбаулы қыз Сәлима-ай, еркелеген Таиса-ай,
Толықсыған Маруся-ай,
тыңдаушы едің-ау, Сәлем-ау.
Қайда кетті Райса-ай, я люблю аяй Рая-ай!
 
Қарағым айналайын черный көзім,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Второй, третий сорттар толып жатыр,
Первый сорт қайдан тудың, сенің өзің?
Осы «Он алты қыз» әніне байланысты мынадай қызық мәлімет бар. Белгілі театр және кино артисі Асанәлі Әшімұлының «Жан бөлек» кітабында Сәтжан Шүленбайқызының мынадай естелігі келтірілген: «…осы Асанәлінің жақын жеңгесі болған едім. Содан ол өлеңді келістіре айтады. Енді жандары жаннатта болғыр, атын атамайтын аталарым кешіре жатар. …Асанәлі қолына қурай ма, таяқ па алып айтқанда, әлгі «Он алты шалы» құлпырып кетеді. Астыма мінген атым гінадушка… – айтып келеді де:
Молда атанған Тоғызақбай,
Маймаңдаған Тоқпанбай,
Кірпігі ұзын Ынтықбай,
Жуан сары Әлжекең,
Сырық бойлы Балтекең,
Құртақандай Құсекең,
Тәй-тайлаған Қасекең,
Гүрілдеген Мұсекең,
Бәлекей шал Әлекең,
Тентек мінез Тырнекең,
Арба айдаған Бәсекең,
Басын таңған Махажан
Аумай қалған ападан, –
деп шұбатып кете беретін».
Бұл болашақ танымал өнер иесі, бүгінгі қазақ сахнасының ақсақалы Асанәлі Әшімұлының көпшілік біле бермейтін қырларының бірі ғана.
Адамның есімін әзіл ету әдеті халық та әлі де сақталып келеді.
18 тамыз 2018 ж. 1 723 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 135

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 137

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 142

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 125

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 122

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 138

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031