Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қош енді, қош бол, күрең күз

Қош енді, қош бол, күрең күз

«Қош енді, қош бол, күрең күз». Бұл әнім өте қиналыстан туды. Күндізгі сағат 12-ден таңғы 5-ке дейін мені қинап, жанымды жегідей жеп, бір жатып, бір тұрып жүріп жаздым. Күнде Мұқағали Мақатаевтың кітабын қарап отыратынмын. Сол күні бірінші әннің қайырмасы туды да, кітаптың бетін ашып қалсам, «Күрең күз» деген өлең көзіме түсе қалды. Жаңағы шығарған әніме салып көрсем, әнім сол мәтінге арналғандай. Ол күз кезі, қазанның 17-сі болатын. Тегін болмады деп таңқалдым. Күрең ат, күрең бел дегенді білуші едім. Күрең күз дегенді естімеппін. Содан шумағын жазып алып, таңғы бес кезінде көзім ілінді.
Сағат сегізде тұрып жұмысқа кеттім. Ол кезде мен Құрманғазы оркестрінде жұмыс жасайтынмын. Келсем, бір жауыздар қызметтес қыздың жанын азаптап, әбден жәбірлеп, ол таң алдында ажал құшыпты. Іштей әнді сол қыздың аруағына арнадым. Әннің әсерінен шыға алмай қиналып жүрген кезімде, теледидардан Мәкеңді (Мәдина Ералиева) көріп қалдым. Телефон шалып, хал-жағдайын сұрадым. Көңіл-күйінің жоқтығы байқалды. «Қалайсыз?» – деп едім, «Нормально» деп даусын біртүрлі етіп жауап берді. Көңіл-күйі жоқ екен. «Өзің қалайсың?» – деді.
Мен ән жазғанымды айтып едім, орындап беруімді өтінді. Домбырамды ала салып телефоннан әнімді айтып бердім.
– Жақсы ән екен, маған берші, – деді. Мен үндемедім.
– Неге үндемейсің, маған бергің келмей тұр ма, мен де қазір күрең күз болып жүрмін, – деді...
Гүлнәр ДӘУКЕНОВА,
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері.
16 желтоқсан 2017 ж. 4 521 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 156

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 109

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031