Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зұлым патша мен оның төрт ұлы

Зұлым патша мен оның төрт ұлы

Ерте ерте ертеде бір шаһарда Нашар деген зұлым патша өмір сүріпті. Ол өз қаласындағы барша тұрғындарды есіріткі арқылы есеңгіретіп, өзіне тәуелді қылып алған екен. Есірткімен уланған барлық қала тұрғындары оның дегенінен шықпай, айтқанына жүріп, айдауына көнеді екен. «Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» болып өмір сүріп жатқан Нашар патшаның жауыздығы бірінен бірі өткен Героин, Кокаин, Гашиш, Апиын атты төрт ұлы болыпты.
Өз билігін бір шаһар көлемінде емес, бүкіл елге жүргізгісі келген Нашар патша ұлдарын шақырып алып:
- Ұлдарым, сендер осы кезге дейін менің зұлымдығымды үлгі етіп ержеттіңдер! Енді сендер төртеуің әлемді аралап барша ел тұрғындарын маған бағындыруларың қажет! Сендерге уәзірім Шприц жол көрсететін болады. Бәрі көрсін Нашар патшаның қандай қатігез екенін! - деп қарқылдай күледі…
Әкелерінің жауыздығын көріп өскен төрт ұл өздеріне берілген тапсырманы орындау үшін қуана қуана жолға шығады.
Төртеуіне жол көрсетіп келе жатқан Шприц
- Егде адамдарға қарағанда, жастарды, жасөспірім балаларды құрыққа түсіру оп-оңай, оларды тіпті бір сөзбен-ақ алдап түсіруге болады - деп кеңес береді. Төрт ұл әр шаһарды аралап жас балларды, жігіттер мен қыздарды алдап-арбап құрығына түсіруге кіріседі…
Үлкен ұл Героин кезекті құрбаны Жарас есімді 14 жасар ұл бала болды. Героин Жарастың отбасындағы жағдайдың кесірінен күйзеліске түскен кезін әбден бақылап жүрген болатын. Ол Жарастың мұңайып отырған сәтін пайдаланып
- Менің берген сиқырлы ұнтақты бір искесең, бар уайымыңды ұмытып, бақытқа бөленесің! Өмірің ғажайыпқа толы болады - деп азғырады…Қайғырып, жанына жұбаныш іздеп жүрген Жарас бұл сөздерге бірден иланып Героиннің айтқанын орындайды. Айтқандай ұнтақты искеген сәтте-ақ жаны жай тауып, көңілі көкте қалықтайды. Бірақ Жарастың бұл қуанышы көпке бармады.  Есірткінің әсері тарағанда Жарас бұрынғыдан бетер ауырсынып, өмірге деген құлшынысы төмендеп, өзін-өзі жек көре берді. Ол Героинді артынан өзі іздеп барып, жаңағы сиқырлы ұнтақтың әсеріне қайта бөленгісі келді. Бұл жолы Героин оған ұнтақты тегін бермеді. Оның қалтасындағы бар ақшасын, қолындағы қымбат сағатын шешіп алды.Жарас сиқырлы ұнтақ үшін қолындағы барын беруге, керек десе ұрлық жасауға да дайын еді...
Нашар патшаның төрт ұлы күн сайын осылай әлемнің көптеген елдерінде Жарас секілді жасөспірімдерді алдап-арбап өз дегендерін жасатып отырды.
Бірде Жарастың досы Елжан оның қатты өзгергенін байқап, оның соңынан үнсіз бақылады. Жарастың Героинге баратынын, одан сиқырлы ұнтақты сатып алу үшін анасының барлық алтын бұйымдарын ұрлап сатып жүргенін, барлығын өз көзімен көрді. Елжан салауатты өмір салтын ұстанатын, спортты жанына серік еткен бала болатын. Жарас қолданып жүрген сиқырлы ұнтақтың  есірткі екенін білетін. Ол дереу өзінің жолдастарын жинап қалаға есірткі таратып жүрген кімдер екенін анықтауға кірісті. Елжан мен оның достары Нашардың ұлдары туралы бар ақпаратты жинап,  барша елдегі қауіпсіздік мекемелерін хабардар етеді. Ел ішінде дүрбелең туғызып, барша елді улаған зұлым төрт ұл қамауға алынып, есірткімен уланған балалар емдеуге жатқызылады. Балаларының қамауға алынғанын естіген Нашар патшаның жағдайы нашарлап, төсек тартып жатып қалады.
Өзінің Нашарға уәзір болып қателік жасағанын түсінген Шприц «Енді тек ел игілігі үшін жұмыс жасаймын» деп үлкен дәрігерге айналады. Елдегі барша уланғандарды емдеп келе жатқан Шприц ең соңғы болып Нашар патшаны емдеуге келеді.
  • Сатқын! Мені сатып, ұлдарымды жер жастандырдың! Мен сенің қолыңнан емделген өлгенім артық! – дейді Нашар патша уәзірін көрген сәтте қаһарына мініп емделуден бас тартады.
Ақыры ауру дендеген ол дүние салады. Жауыз патша мен оның төрт ұлынан құтылған ел той жасап, бейбіт те берекелі өмір сүреді.

СерікАЙЗЕРЕ,
266 мектеп-лицей
5 “Е” сынып оқушысы

фото



10 қаңтар 2025 ж. 155 0

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 54

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 57

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 61

Арман неге адасты?

16 қаңтар 2025 ж. 64

Болашаққа қадам

16 қаңтар 2025 ж. 66

Шыбық

16 қаңтар 2025 ж. 114

«Таза Жол»

16 қаңтар 2025 ж. 70

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 94

«Мен тыңшымын» ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 60

Есті ел тұрғындары

16 қаңтар 2025 ж. 82

Ақыл мен Жан

16 қаңтар 2025 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031