Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткі – ғасыр дерті

Есірткі – ғасыр дерті


Ерте ерте ертеде , ең ғажайып өлкеде өзгелерден дара, ақылды, ынтымағы жарасқан ел болыпты. Ол мемлекеттің аты “Күн шуақ” екен. Елдің мықтылығы сондай, ауызбіршілікпен әрекет қылып, патшасын сыйлап, дәстүрін дәріптей біледі екен. Осындай, айрандай ұйыған бір елдің ынтымағы жарасқандығына қызғанышпен қарайтын елдер өте көп.

Солардың бірі көрші “ Сары тау” тұрғындары екен.Бірде көршілес мемлекеті, оларды арандату үшін бір айла ойлап табады.Патша қаһарлы болмыспен, барлық жұртты жинап:
-Мына айрандай ұйыған елді, алауыз қылатын бір амал ойластырыңдар!,- деп бұйрық етеді.
Сары тау етегінде зұлымдығы өзінен үлкен, қара пейілді мыстан өмір сүріпті.Ол мыстан қастық ойласа не нәрседен де тайынбайтын көрінеді.Адамдарды улап, тұзақ құрудың түрлерін үйретеді екен. Сары тау елінің сарбаздары мыстанды тауып, көмегіне жүгінеді.
-Бірлігі жарасқан Күншуақ елін қайтсек талқандаймыз?
-Жұртын қалай аздырамыз ?,-деген сұрақпен мыстанды мазалайды.Сонда мыстан үңгіріне кіріп, ұзақ уақыттан соң улы шөпті ұнтап, әбден майдалап бір дәріні түйеді және осы елдің ханына осы ұнтақты жұртының бәрі қолданса, көп ұзамай елінің тозы шығатынын айтып, үңгіріне қуана кіріп кетеді.
Сарбаздары осы айланы тапқанына шаттанып, ханнан сүйінші сұрай келеді.Хан да бұл істі мақұл етіп:
-Ертең Күншуақ елінде мереке болады. Сол мереке басында қазанға ас салынады. Сарбаздарына осы улы ұнтақты себіңдер! Бұл ұнтақты бір дәмін көрсе құмартады.Саудагер дайындап, мынаны саттыңдар!,- деп әмір етеді.
Жаз. Табиғат көркем, ауасы мөлдір, тұнық көл мен құс сыңғыры өзгеше үйлесіп Күншуақ елінің жұртына шуақ сыйлап тұрғандай. Ертесімен халқы тату - тәтті болып, барлығы мерекеге дайындалып, шат-шадыман күйге бөленеді. Қазан асылып, түрлі дүбірлі ойындар ойнатылады. Сол сәтте жасырын жендеттер қазан басын аңдып, әлгі улы ұнтақты себелеп, ауысқанын тұрғындарға алдап сатуға кірісіп кетеді. Ал Күншуақ елінің ханы мен Сары тау елінің ханы бірге әңгімелесіп отырып, сыйластығы ретінде әлгі зұлым хан улы ұнтақты емдік дәрі деп ұсынып иіскетеді. Сол сәтте ештеңе білінбегенімен, кенет халық абдырап түсініксіз күйге енеді. Денелері өздеріне бағынбай, түрлі оғаш қимылдар көрсетеді. Бастары айналып, денелері теңселеді. Ешкімді ести алмай, құдды мақұлықша өрескел қимылдарды жасай бастайды. Сол сәтте зұлым хан халыққа демалыңдар, қайтыңдар, хан иелерің шаршап тұр деп пәрмен беріп, ойының іске асқанына өте қатты қуанады. Ел-жұрт таң атысымен өздеріне не болғанын түсінбей, кешегі оқиғаны естеріне түсіре алмайды. Халық бұйығы тіршілікке оралып, бұрынғыдай ауызбіршіліктен ажырай бастайды.Қит етсе, қу саудагерлерден ұнтақ сұрап, сол нәрсені өздеріне әуес қыла бастайды. Небәрі 2 айдың жүзінде елдің ынтымағы ыдырап, әр адам қара басымен қайғы болып қатты өзгереді. Елдің дереу азғындағанына көзі жеткен сұм хан бұл жоспары арқылы жерді басып алып, елін қаңғытып жібереді. Әйтсе де жапа шеккен хан өзінің тұзаққа түскенін ұғынса да, барлық нәрсені қайта қалпына келтірудің қиын әрі күрделі екенін біліп, зор күрсінеді.Әрі ұрпақтарына біреудің айдақтағына еріп, айтқанына сенудің қаншалықты дұрыс еместігін айтып, өкініштен өзегі өртеніп өмірден өтіпті…
Жеңісбек Айару,
№266 мектеп-лицей
7”ж” сынып оқушысы

15 қаңтар 2025 ж. 59 0

Жарқыраған тұзақ

15 қаңтар 2025 ж. 54

Есірткі – ғасыр дерті

15 қаңтар 2025 ж. 60

Елді езген есірткі

15 қаңтар 2025 ж. 66

Атаның ақылы

15 қаңтар 2025 ж. 57

Есірткі атты жау

15 қаңтар 2025 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031