Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайластықпен күрес саябырсымайды

Сыбайластықпен күрес саябырсымайды

Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда.
Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстарытұрақты түрде жүргізіліп келеді. Ақжона ауылдық округінде осы жылдың ішінде екінші, үшінші тоқсанда құқықтық оқыту жүргізілді. Екінші тоқсанда Майдакөл ауылдық клубы кәсіпорны меңгерушісі Ағырай Ермекбай баяндама жасады. Үшінші тоқсанда Ақжона ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Роза Жансұлтан баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықтың жағымды тұстары мен қоғамға деген қаупін түсіндірді.Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Кез келген өркениетті қоғам
үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Респуб-ликасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Жанарыс ЕРНИЯЗ,
Ақжона ауылдық округінің әкімі
23 желтоқсан 2023 ж. 136 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031