Мемлекет дамуын тежейтін кесел
Фото
Елдің әл-ауқатын көтеру жөніндегі он негізгі бағытын атап өткен мемлекет басшысы сөзінде: «Жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз» деп баса айтқан болатын. Сыбайластық бұл сыйластық емес. Қоғам дамуын кері тартады. «Бармақ басты, көз қыстылыққа» барып, заңды белшесінен басу тұтас мемлекет үшін қауіпті.

Қаншама мәрте жемқорлықты жою және оның зардабы турасында айтылып та, жазылып та жүр. Дегенмен адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылыққа төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бергі жылдар ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет.
«Дүние – байлық неге керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Қазақстан – көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет.
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемлекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып – парасат биігінен көрінуге тиіспіз. Ол үшін аталған дертке атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Р. ІЗТІЛЕУ,
Қазалы қаласы әкімі