Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық маңыздағы жол құрылыстарына бақылау жүргізілді

Аудандық маңыздағы жол құрылыстарына бақылау жүргізілді

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша өңірілік Жол картасы аясында аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүзеге асуда.

Осы ретте кеше партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш, партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков пен комиссия мүшелері Талғат Әліпбаев, Мұхаш Ерболат, Нұркен Ботабаев және Райымбек Бөлебаев мердігер мекеме «Қазалы Жолшы» ЖШС-мен атқарылып жатқан аудандық маңыздағы «Бозкөл-Тасарық», «Қожабақы-Бекарыстан би» 25 км, «Бекарыстан би-Шөмішкөл» автомобиль жол құрылысы жұмыстарымен танысып, партиялық бақылау жүргізді.
Өз кезегінде аманаттықтар мердігер мекеме өкілдеріне жолдың құрылыс нормаларына, бекітілген жобаға сәйкес жүргізілуін және техникалық сақтық шараларын толыққанды орындауды партия қадағалайтынын баса айтты. Сондай-ақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жасұлан Сыдықовқа тапсырыс беруші ретінде сапасы мен уақытылы берілуін ұдайы бақылау қажеттігін ескертсе, ал ауандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиевке бөлінген қаржының тиімді игерілуі бойынша ұсыныс-пікірлерін айтты.
Айта кетейік, осы күні партиялықтар «Нұрас и К» ЖШС-і жүргізіп, толық аяқталған Түктібаев ауылындағы Ә.Қаналиев, Орымбет ишан, Жаңажол және Жаңажол тұйығы көшелерін асфальттау жұмыстарын да арнайы көрді.
#AMANAT
02 қазан 2023 ж. 416 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 127

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 124

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 87

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031