Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев еліміз үшін онлайн сауданы дамыту аса маңызды екенін айтты

Тоқаев еліміз үшін онлайн сауданы дамыту аса маңызды екенін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде сөз сөйлеп, бірқатар мәселеге тоқталды. Соның бірі - электронды сауда, деп хабарлайды zakon.kz.
Президенттің сөзінше, электронды сауда саласында өзара алыс-берісті арттыру үшін қосымша мүмкіндік бар.
"Бұл бағытта Қытайдың көш бастап тұрғаны сөзсіз. Онлайн сауданы дамыту аса маңызды. Бұған жаппай шектеулер кезінде көзіміз анық жетті. Қытайдың «Alibaba Group», «JD COM» сияқты интернет алпауыттарының осы саладағы тәжірибесі мен әлеуеті орасан зор. Орталық Азия елдерінің нарықтағы бәсекеде өз артықшылықтары бар. Осы орайда, Қазақстан Қытайдың ірі электронды сауда алаңдарын кеңінен пайдалануды ұсынады. Бұл қадам өнімдерімізді нарыққа бірлесе шығару үшін аса маңызды", - деді Қазақстан президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев кеше JD COM платформасында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылғанын еске салды.
19 мамыр 2023 ж. 301 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 143

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031