Қазақстан бетбұрыс кезеңінде тұр – президент
Тоқаев Қазақстан үшін Ресей, Қытай, АҚШ, Орталық Азия және Еуропа Одағы елдерімен стратегиялық қарым-қатынасты сақтау ерекше маңызды екенін мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан алдында ұзақ мерзімді міндеттер тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды sputnik.kz
"Індет басталғаннан бері әлемдік саясат пен экономика түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Жаһандық шиеленістер өршіп келе жатыр. Бұл – еліміз үшін бетбұрысты кезең. Алдымызда ұзақ мерзімді міндеттер тұр. Біз Қазақстанның халықаралық беделін сақтап, әлемдік аренадағы рөлін күшейтуге тиіспіз", - деді Тоқаев сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Осыған орай президент сыртқы саяси жұмыс тәсілдерін қайта саралап, жүйелі шаралар әзірлеу керек екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, еліміз Азия, Орта және Таяу Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка елдерімен байланысты кеңейте бермек.
Президент Қазақстанның сыртқы саясатының ауқымы кең болуы керек деп санайды.
"Көк байрағымызды әлемнің негізгі аймақтарында орнату қажет. Бұл еліміздің стратегиялық мүддесіне толық сай келеді", - деді ол.
Сонымен қатар билік Қазақстанның Еуразияның геосаяси және геоэкономикалық жүйесіндегі жоғары мәртебесін одан әрі нығайтуға күш салады.
Осыған орай президент сыртқы саяси жұмыс тәсілдерін қайта саралап, жүйелі шаралар әзірлеу керек екенін атап өтті.
Тоқаев Қазақстан үшін Ресей, Қытай, АҚШ, Орталық Азия және Еуропа Одағы елдерімен стратегиялық қарым-қатынасты сақтау ерекше маңызды екенін мәлімдеді."Бұл міндетті табысты орындасақ, ұлттық дипломатия уақыт талабына және азаматтарымыздың сұранысына сай болады. Ең алдымен, мемлекетіміздің мүддесін лайықты қорғай аламыз", - деді мемлекет басшысы.