«Жоқ- деп айтуды үйрен», досым!
Нашақорлық-адам баласының қасіреті. Әрбір адам бір іске барар алдында, ойлануға, қателеспеуге ұмтылуы қажет. Басқа елдермен тереземізді теңестіреміз, алдыңғы қатарлы елдер сапынан табыламыз десек жастарды салауатты өмір салты дағдысы қалыптасқан, рухы биік, жан дүниесі таза, адамгершілігі мол, білімді азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. «Есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз бола алмайды» дегендей, қоғам қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асыру керек.
Қазақстанда жыл сайын нашақор адамдардың саны көбейіп, героин мен синтетикалық есірткілерді тұтыну артып отыр. Дүние жүзін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын жайып барады. Келешек ұрпаққа ақыл, бағыт-бағдар беретін аға-апаларымыз есірткіні «табыс көзі» көріп, қаншама адамның өмірін құртып отыр. Олардың тіпті мектеп оқушсына алғашқы мөлшерді тегін беріп, қызықтыруы айуандық деп есептеймін. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, үй айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Бұл індеттің аты-нашақорлық.
Қазіргі уақытта жастар арасында есірткіге бой ұру етек алып барады. Менің ойымша, оған көптеген себептер бар. Біріншіден, жасөспірімдердің бұл жаста өздеріне не керек екенін білмей, еліктеушілікке салынуы. Екіншіден, бір сәттілік ләззат үшін шоқ басқанын білмей қалған қатарластарымның қателігі. Кейбіреулер Абай атамыздың сөзімен айтқанда: «Тамағы тоқтық, қайғысы жоқтықтан» азады.
Бүгінгі күні нашақорлық бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Нашақордың есірткіден улануы салдарынан оның бүкіл психикасы өзгереді, жүйке жүйесі бірден уланады, өмірге қажетті барлық жұмысты орындауға ынтасы, белсенділігі пәс болып, енжар өмір кешеді. Ол адам психикасына өте қатерлі, себебі нашақордың есіл-дерті қайдан болса да есірткі заттарды табу болады. Ең қатерлісі-нашақор есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап, тіпті жақын адамын өлтіруден де тайынбайды. Бұл күнде жігіттер ғана емес, қыздардың да темекі тартатыны, арақ ішетіні, есрткіге берілетіні ешкімге сыр болмей қалады. Бұл әрине, өкінішті жай. Өйткені, бұлардың қайсысы болсын, денсаулық үшін зиян.
Тәуелсіздік алып, шет мемлекеттермен байланысымыз нығайып келеді. Абай атамыздың «Үйрен де, жирен» сөзін тура түсінетін адамдар қолдарынан келгенше батыстан, одан қалса шығыстан үйренуде. Қазақстандағы нашақорлардың саны тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда 5-6 есе өскенін немен түсіндіруге болады?
Біз еңселі тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз, біз есірткіге жол бермеуіміз қажет. Өз ұрпақтарымызға жақсы іс қалдыратындай азамат болуымыз керек. Әр азамат Қазақстан жерінде туылғандықтан, оттай ыстық өз туған жерін мәпелеп сақтауға міндетті.
Халқымыздың денсаулықты байлық пен басқадан да жоғары қоюынан-ақ оның қадірі қаншалықты қымбат екенін білуге болады. Осындай баға жетпес байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар қаншама! Сондықтан да, достарыма «Жоқ!-деп айтуды үйрен»деп айтқым келеді. Денсаулық- біздің, болашағымыздың сынбайтын айнасы. Достар, әрдайымда есірткіге жол бермейік, сақтанайық!
Қиналсаңда, көп қайғырып жоламағын,
Нашақор боп, намыс басып құламағын.
Бақытың ол Алладан жәрдем сұрап,
«Жоқ!-деп айтып үйрен», досым, жасымағын!
Мырзағали Назерке,
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі
«СОБ электромонтеры» тобының ІІ курс студенті