Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есіртіге тәуелділіктен сақтан

Есіртіге тәуелділіктен сақтан

Әлемді жайлаған нашақорлық дерті тамырын кеңге жайып жұқпалы ауруға айналып барады. Негізінен есірткіні қолданушылардың басым бөлігі жасөспірімдер, себебі жасөспірімдер аса еліктегіш болып келеді.
Кейбіреулер есірткінің көмегімен проблемадан, қобалжудан, кәдімгі өмір қиыншылықтарынан қиналып ойын бөлуге тырысады, өкінішке орай адам бірінші рет есірткіні қабылдай отырып, ешкімде көтерген жүгінің ауырлығын немесе қайғысының жеңілдігін сезіне алмайды. Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ мәнді де, сәнді өмір сүруінің негізі оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, жоғалса қайтып келмейтін орнына қиындықпен келетін, орны толмас қазынаның бірі.
Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі адамның денсаулығы. Адам ағазасына қауіп төндіретін жағдайлар шылымқорлық,нашақорлық,ішімдік яғни арақ және есірткі т.б.
Қаншама бала осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады. Балалар бұл есірткі адам денсаулығына қоғамға зияның тигізеді. Себебі есірткі адам өміріне зор қаупі бар зат. Бұл затты көбіне жастар пайдаланады,әуелі қызық көріп бір рет пайдаланады сосын екі-үш рет осылай-осылай әдетке айналдырады,содан соң сол нәрсеге тәуелді болып қалады. Ал тәуелді болған соң адам өте қауіпті ауруға душар болады. Аурудың алдын алмаса адам қайтыс болып кетуі мүмкін.
Сондықтан да елімізде салауатты өмір салтын ұсыну туралы дабыл қағып, әртүрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Әр адам өз денсаулығын сақтауға және өмірін ұзартуға жауапты.Ішімдік ішу есірткі заттарды қолдану, темекі шегу бос уақытын тиімді өткізуге, дұрыстап тамақтануына және салауатты өмір салтының басқа да жақтарына әсерін тигізеді. Зиянды әдеттер көптеген аурулардың пайда болуына, адам денсаулығына орасан зор зиянкестік әкеледі.Сондықтанда есірткі деген нәрседен аулақ жүруіміз керек.
Біздің елімізде балалар мен жастардың арасында ішімдік,темекі,есірткі деген заттарды қолданады,бұл нәрселер адам өміріне жаман зардап тигізері сөзсіз. Мемлекетті ұлттық санасынан айыру есірткі ағымының басты мақсаты. Есірткінің соңы кісі өлімі мен зорлық-зомбылық, суицид жасауға соқтырады.
Қазіргі заманда өз денсаулығың өзіңе керек ,сол себепті ішімдік,темекі,есірткі деген заттардан аулақ болуымыз керек.Сенің шешімің мен іс-әрекетің өміріңнің яғни болашағынның шешімі болмақ.
Тоғжан ТӨЛЕП,
Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектеп оқушысы
19 қаңтар 2021 ж. 3 122 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930