Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзекті өртеген дерт

Өзекті өртеген дерт

Қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің індеті. Бүгінгі таңда есірткіні кез келген жерден яғни ғаламтордан және түнгі клубтардан көруге болады. Оны табудың оңай жолы шығыпты. Мәселен алғашқы рет ойын-сауықтарға жиналған жерде жасөспірімдерге тегін ұсынады. Содан бойын үйреткеннен соң, ақшаға сата бастайды. Ол тәуелді бола бастағаннан есіркіге құмарлық арта түсіп, ата-анасынан ақша сұрайды. Ақша таппаса ұрлыққа немесе тонауға барады. Сөйтіп қылмыстық жолға түседі.
Есірткіге балалар не үшін барады? Есіркіге балалар кейбіреулері не істелерін білмей жүргендер, іші толғандар, ақшасы көптер, жұмысы жоқтар, уақытты босқа өткізетіндер, ата – анасынан мейірім көрмегендер барады деп ойлаймын. Олар бар қызығушылықтарын осы есірткіден табады. Есіркіні татқан адам өмірдің рахатын сезініп, барлық проблемаларын естерінен шығарып, жақсы көңіл – күйде жүреді. Нашақорлар ештеңеге бас қатырғысы келмейді. Қаншама адамның өмірін жалмаған бұл індет, емдеуге де келмейді. Қазіргі таңда бұл індетке 17 – 29 жастағы балалар мен жасөспірімдер барады екен. Талай жеткіншек нашақорлық салдарынан қауіпті кеселдің құрбанына айналып, ата – ана туған – туыстарына қайғы – қасірет әкеліп жатыр. Өкініштісі осындай ем қонбайтын кеселді, дерттерді өздері біле тұра қабылдайтыны. Есірткінің құрамында (улы заттар, никотин, марихуана, героин) бар. Есірткіні қолданатын балалар мен жасөспірімдердің жүрек қағысы, бауыры, есте сақтау және ойлау қабілеті нашарлайды. Жасөспірімдердің психикасы толығымен жансызданады, ойлануға, шешім қабылдауға жүріс – тұрысын басқаруға, әлі келмей қалады, яғни өмір сүруге қауқарсыз болады. Есірткі ағымының мақсаты – мемлекетті ұлттық санасынан айырып, есірткіге тәуелді етіп қояды. Бұл індеттен абай болу керек. Елбасымыздың Жолдауында: «…есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз бола алмайды» делінген. Қоғам қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асыру керек. Ақпараттарға сүйенсек нашақордың өмір сүру ұзақтығы 20 – 30 жасқа дейін қысқарады екен, яғни өмірі тым қысқа болады екен. Әлемді жайлаған нашақорлық індеті кеңге жайылып, жұқпалы ауруға айналып бара жатыр. Бұл ауруға тек Қазақстан ғана емес бүкіл мемлекетте бар індет. Негізінен, есірткіні қолданушылардың көбісі – мектеп оқушылары. Менің мектебімде 151 оқушы бар. Олардың барлығы зиянды заттардан аулақ. Өйткені бізде спорт үйірмелері бар. Спортқа қатысатын оқушылар зиянды заттарды, темекіні өздерінің қас жауы деп санайды, оқушылар салауатты өмір салтын сақтайды. Мектебімізде үнемі психолог И.Жакешова апай нашақорлыққа қарсы сауалнамалар, сайыстар, тест тапсырмалары жүргізіп отырады. Сонымен қатар мектепте тәлімгер апай Н.Сисенова нашақорлыққа қарсы көптеген іс – шаралар өткізді. Бұл өткізіліп жатырған іс – шаралардың мақсаты жасөспірімдерді мектептен бастап есірткі, темекі, сияқты зиянды заттардан бойларын аулақ ұстауды үйрету. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы іспен шұғылдануға баулып, жан – жақтылыққа үйрету. Сонымен қатар «Мен есірткі туралы ертегі айтамын» сахналық қойылымынан облыстан 3 орын алды, қабырғаларға сурет салдық, флешмоб биледік. Салауатты өмір салтын ұстану – адамзат ұрпағының келешекке жетелейтін ұстанымы. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін – өзі билей білу – адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық. Артур Шопенгауэр айтқан екен «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты». Денсаулықты нығайту үшін, ширақ, жігерлі, сымбатты өсу үшін баршамыз спортпен шұғылдануы керек. Спорт арқылы бұлшық ет ширығады. Таза ауа өкпедегі тыныс жолдарын ашады. Адам сергек болып, ұйқыдан тез оянады. Есірткі туралы өлеңмен эссемді аяқтағым келеді.
Балнұр ТҮРКІСТАН,
№102 мектеп
5-сынып оқушысы
19 қаңтар 2021 ж. 2 917 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930