Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындардың ұсынысы ескеріледі

Тұрғындардың ұсынысы ескеріледі

Кеше Қазалы аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Талайлы Әмитжанұлы Қазалы қаласының тұрғындарын қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдады.
Қазалы қаласы тұрғындары Рүстем Өмірзақов, Бақтыбай Махамбетжанов және Жайдарбек Пржановтердің бірқатар шешімі табылмай тұрған мәселелері тыңдалды. Қоғамдық қабылдауда «Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Совет Бабанаев және Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Әбіш Еділбай қатысты. Олар көтерілген мәселелер бойынша жұмыс жасайтындығын хабардар етті.
"Уәде – Құдай аты" дегенге иланған тұрғындар көтерілген мәселелердің шешімі болатындығынан үмітті. Бір жылдары осындай жауапты қызметтің басы-қасында жүрген басшылардың бірі "Халық пен билік арасындағы байланысты нығайту, ортақ мәселе төңірегінде ой саралау бүгінгі күннің жаңалығы емес. Ол сонау хандық дәуірден арқауы үзілмей келе жатқан дәстүр. Халық үніне құлақ асу үшін алдын-ала даярланған залға емес, ел ішіне бару керек. Әдемі сөз бен құрғақ уәделердің заманы өтті. Қоғамдық кеңес қалың қауымға ықпалы тиер ең күрделі мәселелерді көтеруі тиіс. Оны жан-жақты талқылайды. Билік өкілдерінің назарына ұсынады. Одан кейінгі мәселенің шешімі қандай болмақ?! Әңгіменің өзегі осы. Сол себепті қоғамдық кеңес құр-бос даурықпа сөзге емес, нақты бір іске негізделгені жөн. Халыққа ең керегі – әділеттілік" деген пікірін  айтқан еді. Ендеше алдағы уақытта қазалылықтардың өтініш-шағымдары нақты іспен қолға алынады деген сенім бар.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат 
12 қаңтар 2023 ж. 325 0

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 177

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031