Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Басқарма басшысы жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысы жеке қабылдау өткізді


Бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жаңабаев Ғабит Жұмабекұлы аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Қабылдау барысында тұрғындардың негізгі өтінші жұмыспен қамту тақырыбы аясындп болды. Сондай-ақ, жеке қабылдау барысында «ҚАЗАЛЫ ДЕМЕУ мүгедектерді қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі инватакси қызметі жөнінде бірқатар сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Жеке қабылдауда көтерілген мәселелермен толықтай танысқан Ғабит Жұмабекұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тиісті сала мамандарымен байланысып, шешілу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, келіп түскен өтініштер жеке тұрақты бақылауында болатындығын атап өтті.

Жеке қабылдауға аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жаппарбергенұлы, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Кеңесұлы қатысты.
11 тамыз 2022 ж. 706 0

Ісін сүйген, ұтылмайды

05 сәуір 2025 ж. 208

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930