Есірткісіз өмір ғажайып
Ең алдымен есіріткінің не екенін біліп алайық және оған деген әуестік, тәуелділік қайдан пайда болатынын, одан құтылу үшін отбасының маңызы бар ма? деген сұрақтарға жауап бере кетейік.
Есірткі – адам ойын, санасын улайтын улы зат. Яғни ауру сезгіштікті жоятын және адам санасына әсер ететін химиялық қоспадан құралған дүние. Есірткіге тәуелділік немесе әуестік ең алдымен отбасындағы түрлі түсініспеушіліктер мен ұрыс-керістен, түрлі қысымдар мен стрестік жағдайлардан немесе жақын жандардың осы жолға үгіттеуі салдарынан пайда болады. Бұндай жолға түспеудің бірден-бір жолы қанша ашулансаң да амалың болмаса да өзіңді-өзің ұстап қиындықтардың шешімін қарастырып мұндай жағдайдың алдын алу. Және осындай қиын шақта отбасы мүшелері бір-біріне сенім білдіріп толық емделіп кетуіне көңіл бөлген жөн. Әлде бізге, елімізге, отбасымызға пайда әкелді ме? Міне ойладыңыз ба есірткі сізге қасірет шектірмесе ешқандай пайда әкелмеген. Әрқашан денсаулығымызды, болашағымызды, отбасымызды, армандарымызды ойлайық.
Бір сәттік рахат сезім үшін улы заттың қармағына түспейік. Есжинайық үлкендерге қарап бой түзейік, есіріткіге мүлдем жоламайық. Қанша отбасының шаңырағын шайқалтып, үй-ішін уайымға салдырған бұл заттан іргемізді аулақ ұстайық. Қоғам дертін сіз бен біз болып бірге тоқтатайық. Есіріткіге бірге тойтарыс берейік.
Жас достарым! Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз. Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді. Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!
Бүгінгі мақаламның түйінін С.А.Назарбаеваның мына бір сөзімен аяқтағым келіп отыр. «Дені сау ұрпақ- әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты азамат халықтың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болмақ». Жас менің достарым есірткіден аулақ болайық!
Жауқаш Сымбат,
№ 98 орта мектебінің
6 сынып оқушысы