Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір

Есірткісіз өмір

Есірткі-адам өмірі үшін ең қауіпті зат. Есірткі қолданған адамды “наркотик”, “наркоман” деп атайды.
Оны қолданған адам қатты ауырып, ол жетіспеген жағдайда қатты қиналып,  жаны соған тәуелді болып қалады. Есірткі қолданатын адамдар өз басына үлкен ауыртпашылық  әкеледі. Ол есірткіні қабылдай отырып, үлкен күнәға батады, ең қиын да жаман  ауру түріне шалдығады. Наркомандар есірткіні қолдана отырып тек өздеріне емес, басқа адамдарға да зиян тигізеді. Ол өзінің есірткіге тәуелді болған кезінде бекер есірткіні қолданғанын түсінеді, бірақ оны қоя алмайды. Оған тәуелді болған кезде -өміріне бақытсыздық, денсаулығына-ауру, қайғы-қасірет, үлкен күнә, ол аурудан құтыла алмайтындай кесапат әкеледі деген сөз. Сөйтіп, ол өмірдің түрлі-түстілігін, бақыттылығын, ғажаптығын жоғалтып алады.
Ал егер сен бақытты, табысты, ғажайып өмір сүргің келсе есірткі қабылдамай, тіпті жанына да бармау қажет. Сол себептен, мен “мен есірткісіз өмірді насихаттаймын”.
Көбінесе есірткінің түріне адам ағзасының ерекшелігіне қарай улану да түрліше болады. Жөтел пайда болып, мұздай тер шығып, жүрек қағысы жиілеп, өлімнен қорқу қаупі пайда болады. Есірткі қолдануды жалғастырған жағдайда бұл құбылыстар жойылып,эйфория пайда болады. Бұл аурудың бірінші кезеңінің басталғанын білдіреді. Адамда есірткіге психологиялық тәуелділік пайда болады.
Қаншама адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен, сонда да бұл улы зат тиылар емес. Есірткі адамның істемеген ісін істетеді. Айтарлықтай - аналар өз балаларынан тастап кетеді, құнды заттарынан, жұмыстарынан отбасынан айырылады.
Есірткісіз өмір ғажайып! Себебі егер біз есірткі қолданбасақ, біз таза әрі адал адам боламыз. Есірткі қолданбасақ, ешкім бізді тастамайды. Жалпы айтқанда, есірткі қолданбасақ, өміріміз түрлі-түске боялады.
Бұл айтқандардың бәрі сенің болашақ өмірің үшін берері мол деп ойлаймын.”Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” демекші, аурудың алдын алған ем іздегеннен жеңіл болатынын ұмытпа! Жас өміріңді керексіз дүниелермен уландырмауға тырыс! Еліміздің болашағы – дені сау жас ұрпақ екенін жадыңнан шығарма! Біз есірткісіз өмірді қалаймыз!
 
Сая КЕҢЕСБАЙ
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы,
Ғани Мұратбаев атындағы 
№17 орта мектеп
7  сынып оқушысы

03 қараша 2020 ж. 2 344 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31