Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
Қазіргі таңдағы бүкіл әлемдегі ең қауіпті мәселелердің бірі- нашақорлық. Нашақорлақ-бұл әлемді жаулаған дерт. Яғни қауіпті індет. Себебі нашақорлықтың салдары тек бір адамға емес күллі адамзатқа қауіп төндіреді. Есірткіге құмар болу-бұл біздің жанымыз бен тәніміздің құлдырауына алып келеді. Сонау ерте заманнан бергі адамзаттың қас жауына айналған қауіпті індеттің құрығына түсіп жатқандар да жеткілікті. Есірткіні қолданатын адам ең алдымен ата-анасынан, достарынан, жақын туыстарынан ажырап,бұл әлемнен шет қалады. Тіпті кейбір жағдайларда бұл өмірмен қош айтысуға дейін әкелетін оқиғалар да болым жатады.
Сондықтан да айтарым кез келген адам өз санасын улайтын осы бір кішкене ғана заттың қармағына түспеуі үшін алдын ала сақтанғаны абзал болар.
Есірткі дегеніміз-жалпы алғанда адамның көңіл-күйін, сана-сезімін бұзатын пайдалануға тиым салыпған қауіпті химиялық зат болып табылады. Аты айтып тұрғандай, есірткіні пайдалану өте қауіпті. Себебі
есірткіні пайдалану арқылы оған деген тәуелділігің артып, онсыз өмір сүре алмайтын жағдайға жетесің. Есірткінің ең қауіптілерінің қатарына-
марихуана, апиын, көкнәрді жатқызуға болады. Ал бұның салдары түрлі қайғылы оқиғалармен аяқталуы мүмкін. Әлем ғалымдарының зерттеулері бойынша, көбіне есірткіге тәуелділік 16-17 жастан бастап пайда болады
екен. Ал бұл жастағы жас жасөспірімдер үшін есірткіні пайдалану өз болашақтарына балта шабумен бірдей дүние. Себебі есірткіге
тәуелділіктен сауығып кеткен адамдар кішкене ған көрсеткішті
көрсетеді.Есірткіні пайдалану адамзат баласына тек зиянын тигізіп қана қоймай, оның бүкіл өмірін шармайды. Жалпы есірткіні тұтынғандардың түн ұйқысы дұрыс болмай, қан қысымы төмен болады. Организмі әлсіреп, психологиясы бұзылады.
Есірткіге тәуелділіктің бір себебі отбасындағы ата-анамен баланың қарым-қатынасы. Бұл қатынас та өз кезегінде үлкен рөл атқарады. Яғни
ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас дұрыс болмаса жасөспірімнің болашағы есірткімен байланыты болады. Сондықтан ата-аналар өз
балаңыздың болашағымен тағдыры сіздің әрекеттеріңізге байланысты екенін естеп шығармаңыз.
Қазір XXI ғасыр-технологиялар заманы. Бос пайдасы жоқ жұмыспен айналысу емес. Білікті маман болып, сапалы білім алуды ойлау керек.
Ойланыңызшы, есірткінінің сізге берер пайдасы қандай? Тек бір сәттік ләззат үшін бұкіл өміріңізді құртасыз. Есірткіні пайдалану сізге пайда
әкелмейді. Еш уақытта. Оның пайдасын көрген адам жоқ әлі, тіпті болмайды да. Сондықтан жасөспірімдер сіздер ең алдымен есірткінінің арбауына түсіп қалып жүрмеңіздер. Керісінше салауатты өмір салтын ұстанып, ел болашағына өз үлестеріңізді қосу үшін еңбек етіңіздер!
#есірткігеқарсы#противнаркотиков
Нұрзат ӘДІЛХАН
№98 мектеп оқушысы