Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...
Құрметті жас дос,мен саған есірткі жайлы айтып беремін. Жалпы есірткі грек тілінен аударғанда«естен айырылу» деген мағынаны білдіреді. Ал,ағылшын тілінде «жансыздандыру», «ұйықтату». Есірткіні алғаш пайдаланғанда адамның сезгіштік қасиеті жоғалады. Ол заңсыз және жүйке жүйесінезиян,уландыратын химиялық өнім. Бұл өнімнен 1972 жылы көптеген елдер бастартты. Есірткі адам өміріне өте қауіпті. Алғаш қолдану кезінде жүйелік тәуелділік қалыптасады,ол кейіннен физикалық тәуелділікке ұласады.
Адам одан соң бұл жаман нәрседен өз күшімен бас тартуы мүмкін емес. Егер есірткі пайдалану ұзақ уақытқа созылса, онда психикалық тәуелділік туындайды. Яғни, адам есірткіні пайдаланбағандықтан көңіл-күйі төмендейді,ашуланшақ болады. Осылайша ол есірткісіз жүре алмайды. Жүйке жүйесі сыр бермеу үшін міндетті түрде қажет болатын өнім болып қалыптасады. Жастардың есірткіні пайдалану себептеріне білімсіздік, есірткінің қаншалықты зиян екенін білмеу, айналасындағы адамдарға еліктеу немесе өзгелердің қысым көрсетуі себеп болады.
Әуестенгеннен кейін бірте-бірте ағза соған тәуелді болады. Есірткіге тәуелділікті медицинада емдеп жазу өте қиын. Адам өз өмірін қор қылып,бұл өмірден ерте кетіп жатады. Есірткі пайдаланған адамның ұрпақтары да ауру болып туылады. Кейде мүгедек те болып жатады.
Бұл мәселеге келгенде ата-ананың да рөлі зор болып табылады. Ата- ана өз баласына жаман нәрселерден аулақ болуды насихаттап отыруы тиіс. Баланың тәрбиесіне әкенің қаталдығы қажет. «Отан отбасынан басталады» демекші, баланы жастайынан жақсы жақтарға тәрбиелеп, өмірге деген көзқарасын білуіне өз септігін тигізуі қажет деп ойлаймын. Бала - ата-ананың айнасы. Баланың болашағына алаңдаған кез-келген ата-ана отбасында есірткінің зиян екенін үнемі айтып отыруы керек. Себебі бала есірткінің, есірткіге ұқсас заттардың не екенін білмей, сыртқы ортадан есірткі қолдануды үйреніп алса, онда баланың болашағы бұлыңғыр болады деп есептеймін.
Қортындылай келе айтарым, досым, мен саған есірткінің осыншалықты зиян екенін ескерткім келеді. Осындай тамаша өмірге зиянды затты араластырып құрту өте қате ой. Сол себепті осы бастан өзіңді зиянды заттардан бойыңды аулақ ұстап, үміт еткен ата-анаңның тілегін ақтауыңдыөтіне сұраймын. Есірткі – адамзаттың қас жауы. Болашақ жарқын өмірге бірге қадам басайық! Болашақтың есігін салауатты өмір салтымен ашып, есірткі әлемінен бойымызды алыс ұстайық! Мен саған сенемі, жас дос!
Ақарыс САҚТАҒАН,
Қ. Нұрмаханов атындағы
№95 орта мектептің
8 сынып оқушысы
Қ. Нұрмаханов атындағы
№95 орта мектептің
8 сынып оқушысы